Өлең, жыр, ақындар

Кім білсін?

  • 17.06.2022
  • 0
  • 0
  • 519
Батырларым жорықтан қайтқанда, –
Ортадан жолдарын тосып,
Алдарынан
Қырық қиылып,
Отыз ойылып,
Сексен иiлiп,
Тоқсан түрленген;
Он бiр рет бүгiлiп,
Он екi рет бұралған,
Тоты құстай сыланған
Перiнiң қыздары шыққан.
Желдей жылжып,
Судай сылаңдап кеп
Аттан түсiрген.
Сандал ағашты Сарайға,
Емен ағашты Ордаға кiргiзген.
Көлдей жiбек көрпеге
Көсiлдiрiп жатқызған.
Саңқылдатып сөйлеткен,
Шалқалатып күлгiзген...
Еркектерi далада
Улап-шулап,
Мысық боп мияулап,
Ит болып үрiп
Малдарын бағып жүрген.
Қазандарын пiсiрiп,
Оттарын жағып жүрген...
Перiнiң қыздары
Күмiс кесемен шәрбат,
Алтын астаумен дәм берген.
Тiлiменен бал берген.
Төсегiне жатқызып,
Қасына қонғызған.
Төңкерiлген кеседей
Төсiн сорғызған.
Батырларым түнiмен
Алысқан барыстай,
Құтырған лөктей болған.
Желдi күнгi өрттей болған.
Күтiр-күтiр жайпаған.
Бұрқ-сарқ етiп қайнаған.
Қышыр-қышыр шайнаған.
Таң атқанша ойнаған!..
Аңғал батырлардың
Көздерi iлiнiп кеткен.
Ояна сап
Түңiлiп кеткен.
Түндегi қызықтың бiрi де қалмаған.
Перi қыздары
Көшiп кеткен.
Бiрақ та
Кесапат-кесiрiн тастамай
Мойындарына қарыз қалдырмай
Кешiп кеткен.
Тоғыз ай,
Тоғыз күн толғанда
Нәрестелерi бар
Аспаннан бесiктер түскен.
Ел күтпеген
Нәсiптер түскен...
Бiздердiң кейде
Батырлардай
Аңғалдығымыз содан ба?!
Перiлердей
Жалғандығымыз содан ба?!
Кiм бiлсiн?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Домбыра

  • 0
  • 0

Саздар iздеп жұлдыз, бұлақ, қайыңнан,
аспандағы құстың даусын қайырған,
төзiмдi илеп,
сезiмiңдi үгетiн

Толық

Опынғанда

  • 0
  • 0

Менi бiр досым
Соқыр тиынға баламай
Сатып кеттi.
Сонысы

Толық

Сақидың тілегі

  • 0
  • 0

Сол бір жан
Маңдай тер,
Табан ақысымен тапқан
Ақшасын —

Толық

Қарап көріңіз