Өлең, жыр, ақындар

Маскүнем

  • 14.06.2022
  • 0
  • 0
  • 424
Арақты –
Көк теңiзде жүзгендей! –
Жүзiп iштi.
Албастыдай арқырап,
Жын сияқты бұрқырап
Қызып iштi.
Шөлден кенезесi кепкендей
Жұтынып iштi.
Сабалақ жүндi сайтандай
Құтырып iштi.
Арын арбап iштi
Жанын жалдап iштi.
Теректей тiп-тiк азамат
Қисалаңдап
Теңселiп кеттi.
Таудай биiк азамат
Шөмейiп
Жер шөгiп кеттi.
Қылыштай өткiр,
Құрыштай берiк жiгiтiм –
Былжыраған! –
Бiр шайнам
Сағызға айналды.
Қыпшақ пен
Оғыздың ұрпағы,
Қорқыттай зарлы
Қобыздың ұрпағы,
Асанқайғыдай
Абыздың ұрпағы, –
Дөңкиiп
Шалшықта жататын
Доңызға айналды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көк Түрік абызының тілегі

  • 0
  • 0

Уа, құдiреттiң Құдiретi,
Көк тәңiрi,
Алдымен өзiңнен тiлеймiн.
Жерiме

Толық

Түйсік жыры

  • 0
  • 0

Түн іші.
Көктегі Ай
Маған қарады.
Мен Айға қарадым.

Толық

Жалғыз қалғанда

  • 0
  • 0

Енді менің өмірімде
Жаз басталмай
Күз келетіндей;
Енді мені ғұмыры

Толық

Қарап көріңіз