Өлең, жыр, ақындар

Бейпіл

  • 12.06.2022
  • 0
  • 0
  • 468
Тұтамды –
Ұзын құлаш қып,
Айтады жоқты рас қып.
Өн бойы оның былғаныш,
Өн бойы оның ластық.
Мылтығын кезеп оқтап тұр.
Күйдiрiп жанды шоқ сап тұр.
Алдында жұрттың
Аузына
Не келсе соны оттап тұр.
Мүдiрiп,
Яки саспайды.
Ұялып,
Яки қашпайды.
Кiм болсын, мейлi, бәрiбiр
Бүлдiрiп,
Былғап тастайды.
Сөзiнен шыдам сынады,
Сөзiнен құлақ тұнады.
Аузына ақ ит кiредi,
аузынан көк ит шығады.
Бiреуi сонсоң арпылдап,
Бiреуi кетер арсылдап, –
Елiнiң кiрер етiне
Азу тiстерi қаршылдап!
Ондағы сұмдық зор бүлiк
Жiберер үгiп бор қылып, –
Ардақтарымды сорлатып,
Азаматтарымды қор қылып.
Тiлемен мұны қасыма! –
Құсады адам асыма.
Жуындысын, –
Құдай-ай! –
Төгедi халық басына.
Түзелiп iзi көшiңнiң
Кiредi қашан есiң бiр, –
Айырылып кеткiр ауызың,
Түбiнен тiлiң кесiлгiр!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қуанғанда

  • 0
  • 0

Төбем –
Қуанғанда! – көкке жеттi.
Тамырым –
Қуанғанда! –

Толық

Шүкір!

  • 0
  • 0

Аяғымның астында —
Алып жер.
Кеудемде — теңіз.
Ал басымда —

Толық

Өлең жазған

  • 0
  • 0

Өлең жазған –
сөз бен сөздi құраған,
сырт жүретiн күпiршiлiк, күнәдан
атаққа ие,

Толық

Қарап көріңіз