Өлең, жыр, ақындар

Құмарпаз

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 349
Уланып сана,
ойы да,
жанымен бүкiл құлаған –
көз iлмей тәулiк бойына
карта ойнап отыр бiр адам.
Алғандай бейне от басып,
шошынып одан қаласың, –
ұмытқан үйiн,
отбасын,
ұмытқан бала-шағасын.
Ұмытқан бәрiн, бәрiн де –
шаттығын,
қайғы,
шерiн де;
Өмiрдiң ылди,
өрiн де,
босаға менен төрiн де –
ұмытқан бәрiн, бәрiн де.
Көк ала ақша ортада,
тiстенiп алған құрыш боп, –
жақын жоқ оған «балтадан», –
«тұзыңнан» өткен туыс жоқ!
Ұмытқан ендi басқаны
бiр суып,
қайта жанады.
Ортада жатқан ақшаны
iшiп-жеп көзi барады.
Ортада жатқан ақшаға,
ындыны кеуiп,
құныққан.
Қол сiлтеп түгел басқаға
бәрiн де,
бәрiн ұмытқан.
Ұмыт қап ас пен тойы да,
суынар қайта,
сан қайнап.
Көз iлмей тәулiк бойына
карта ойнап отыр,
карта ойнап.
Көтермес басын ол ендi,
ол жаққа ендi беттеме!
Әке етiп алған «корольдi»,
үйленiп алған «мәткеге».



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аяр әйел

  • 0
  • 0

Жүредi ол жұртты ылаң қып,
тайсалар одан iбiлiс.
Не деген түлкi бұлаңдық?!
Не деген сылқым құбылыс??

Толық

Менмен

  • 0
  • 0

Мен, мен деген дауысы
Дүниенi жаңғыртып
Алып барады.
Миымды – жаңғақтай! –

Толық

Қалай?

  • 0
  • 0

Мына жандардың
Қасиетті кісі жатқан
Қабірлердің қасынан
Аял етіп аят оқымай

Толық

Қарап көріңіз