Өлең, жыр, ақындар

Ән

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 730
Күрiш Тасболатовқа

Табылып өткен күннiң көмбесiнен,
қараған келер күннiң өр төсiнен,
атылып шыққан-сынды осы бiр ән
ғаламат Маңғыстаудың кеудесiнен.
Мен сонда ән қуатын бiлiп едiм.
Бұрқырап толқып кеттiм –
тұнық едiм.
Iшiнде қалғандаймын –
сол бiр сәтте –
от шашып,
су бүркiген дүниенiң.
Үкiм боп безiнгенге,
адасқанға.
Бiтiм боп дауласқанға,
таласқанға.
Үкiлi жебе құсап осы бiр ән
шаншылып қадалғандай көк аспанға.
Ұқтырып ажал-сұмнан озбасыңды,
шаншылып шырқап-шырқап сөз басылды.
Не деген кермек едi осы бiр ән
Iшiп мен тұрғандаймын көз жасымды.
Даладай аңқып есiп көңiл деген,
Кенеттен бүрiн жарды өмiр деген.
Қозданып кеттi дейсiң сонан кейiн
сөз бiткен шоқ сияқты жел үрлеген.
Жанын бiр күйiндiрiп бар дұшпанның
елiмнен Қаратаудай алғыс та алдым...
Қарашы, –
сол бiр әннiң қуатынан
түндiгi желпiлдеп тұр Маңғыстаудың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әлсіздік

  • 0
  • 0

Әл жоқ,
Бойымдағы –
Тастарды жаңғақтай шағатын! –
Күш, қуатым

Толық

Шошыну

  • 0
  • 0

Аурумын!
Алтайым да ауру,
Сарыарқам да ауру,
Қаратауым да ауру,

Толық

Бөтен адам

  • 0
  • 0

Мынау адам –
бөтен адам, басқа адам.
Ел мен жерден өзiн бөлiп тастаған.
Бiр адамға ойын, сырын ашпаған

Толық

Қарап көріңіз