Өлең, жыр, ақындар

О, Махамбет, пірім-ай!

  • 08.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1022
О, Махамбет, батырым,
әулием,
пiрiм,
ақыным, –
аруақ, жан мен рухым,
қандасым,
туыс –
жақыным!
О.Махамбет батырым.
Желеп сен, жебеп қолдашы,
қолдашы менi,
қорғашы.
Шайқалып тұр ғой,
шайқалып
қазақтың қалың ордасы.
Талықсып жатыр бүгiнде
дiнiм де,
дiлiм,
тiлiм де.
Өшiп бiр кете жаздап тұр
арыстан дауыс үнiм де.
Талқаны шыққан тойым-ай!
ойраны шыққан ойым-ай!
Керек боп тұр ғой рухың
кескектi ердей сойым-ай!
Дүние мейлi түнерсiн! –
Қайратың
сенiң айбатың
желеп бiр менi жiберсiн.
Бiлмеген мұны пақыр ғой –
жармасып бүгiн жағаға
жағадан алып жатыр ғой.
Көңiлiм менiң ортайды,
жанымнан нұр мен әр тайды.
Бөлiп ап Ертiс,
Есiлдi
ап кетпек ендi Алтайды!
Лақтырған қарап тасына –
жасыма жүрек,
жасыма!
Асымды iшiп кезiнде
теуiп те тұр-ау басыма.
Қолдашы, кәне, бүгiн-ай,
О, Махамбет, пiрiм-ай!
Қуат пен қайрат бер маған –
Атырау болып долданам,
Алатау болып толғанам,
Маңғыстау болам зарлаған,
Сарыарқа болам сарнаған,
қуат пен қайрат бер маған!
О, Махамбет, пiрiм-ай,
Қолдашы, қане, бүгiн-ай!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шерхан Мұртаза

  • 0
  • 0

Қабағы
Жауар бұлттай түйiлiп,
Қастары
Адырнадай иiлiп

Толық

Жауабын сізге қалдырдым

  • 0
  • 0

Бәріміз білеміз:
“Шеше көрген тон пішеді.
Әке көрген оқ жонады”,
Көсілген көсемді,

Толық

Сатқынға

  • 0
  • 0

Еліңнің рухын саттың —
Өмірдің ұрығын саттың.
Дініңді саттың,
Тіліңді саттың,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар