Өлең, жыр, ақындар

Байланыс

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 311
Отырғам жоқ тек жазып бұл өлеңдi,
от шарпып тұр жаным менен денемдi.
Уы сiңiп мына ұлы ғасырдың
тостағандай шағын ғана көл өлдi.
Аты әйгiлi сол аймаққа, баршаға
сұлу-тұғын шағын ғана болса да.
Сiңген удан өлiп кеткен сол көлге
ешкiм бiрақ мән берген жоқ соншама.
Семiп бара жатты бiрақ бiр өмiр,
шөгiп бара жатты бiрақ бiр өмiр.
Көлi өлген соң салтанаты бұзылып,
басқаша боп кеттi мүлде бұл өңiр.
Үндерменен ұлып тұрды үзiккен
дауыл шығып терiскей мен түстiктен.
Ұшып бара жатып кенет
үзiлiп
түсетұғын болды жерге құс бiткен.
Басқаша боп бара жатты төбем де,
басқаша боп бара жатты терең де.
Жанымды жеп,
сүйегiмдi кемiрген
үндер пайда болды сонсоң өлеңде.
Бiлмей бiреу ешнәрсенiң байыбын
жимайтұғын болып алды айылын.
Сенiм өлiп бiр адамның бойында,
ал бiр жанда кемiп кеттi қайырым.
Мынау өңiр келе алмастан бiр жөнге
оттай ыстық – тұншығып-ақ тұр желге.
Тым қатерлi тозаң қонып бiр жерге,
Тым қауiптi жаңбыр жауды бiр жерге.
Жатты сонсоң әлдекiмдер жаза алып,
жатты сонсоң әлдекiмдер сөз алып,
ормандарда ағаштарға от тиiп,
өзендерде балықтардың көзi ағып...
Ой ұшырап отырғам жоқ қияға.
Мұндай кезде қияны ойлау сия ма?
Сонан кейiн сұп-сұр болып қара жер,
жұмыртқалар iрiп кеттi ұяда.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алатау батырдың шайқасқа түсер алдындағы сәті

  • 0
  • 0

Алатау батыр
Кеше түнде
Түс көріп еді.
Түсінде

Толық

Соншалықты не жаздым?

  • 0
  • 0

Ешкiмнiң
Әруағын аттаған жоқ едiм.
Ешкiмдi –
Атасына тiл тигiзiп! –

Толық

Күйінгенде

  • 0
  • 0

Құдай-ау,
Не айтып отырсың?!.
Мен саған сүйенiп едiм ғой,
Әулие-әмбиелердей

Толық

Қарап көріңіз