Өлең, жыр, ақындар

Алматының ағаштары

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 465
Жел ашылса –
бiр-бiрiмен таласқан,
жел басылса –
бiр-бiрiмен жарасқан –
қай жағынан кiрсең де сен, шықсаң да, –
Алматыда қаптап жүр ғой ағаштар.
Көз алдыңда өнуi мен өлуi,
аулалардан шығып қайта енуi.
Күнiменен, түнiменен ағылған
тарқамайды ағаштардың шеруi.
Ағаштарды сая ғой деп бiледi ел,
ағаштарды панам ғой деп жүредi ел.
Ағаш, ағаш, ағаштардың тап қазiр
әрқайсысы – ашылмаған бiр әлем,
әрқайсысы – айтылмаған бiр өлең.
Ағаштарды көрмеңдершi көрмедей,
Көрме десе оған, сiрә, сенбегей.
Бiреуi тұр –
үнсiз ғана бұйығып,
бiреуi тұр –
жел өтiнде желбегей.
Желп-желп етер –
дегендей-ақ ұшамын.
Оларға жат қиқым тiрлiк: ұсағың.
...Қарашы, әне тасадағы екi ағаш
ашып тұр ғой бiр-бiрiне құшағын.
Бiр-бiрiне жақын келiп жарасқан,
бiр-бiрiне қолын берiп қарасқан.
Жел лүп етiп көтерiлсе болды тек
күнiменен сөйлеседi ағаштар,
түнiменен сөйлеседi ағаштар.
Әлдененi уiлдетiп, әндетiп,
әуен, әуез, саз бен үндi селдетiп
Алматының ағаштары тұрады
қонған құс пен ұяларды тербетiп.
Көнген олар талай-талай үкiмге...
Келген олар талай-талай бiтiмге...
Өлеусiреп кей күндерi бiрақ та
дем ала алмай тұншығады түтiнге.
Ағаш, ағаш қаптап кезiп көшенi
саздар менен әуен болып еседi...
Ал адамдар ағаштарды сол тұрған
сындырады,
аралайды,
кеседi...
Сонда да олар бар пәленi сорып ап,
тұрады ғой менi, сенi қорып-ақ.
Мен ендi осы адамдарды қоя сап,
кетсем бе екен ағаштардың қолын ап.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қазақ тағдыры

  • 0
  • 0

Қазақтың тағдырын
Ойлап қарасаң
Өз өзiңнен түршiгiп,
Өз өзiңнен тоңасың:

Толық

Ымырт түстi

  • 0
  • 0

Ымырт түстi,
жан-жағыма қарадым –
тау, өзен мен қыратты өлке, алабым,
танаптардың мая-мая сабаны...

Толық

Мен атылған күн

  • 0
  • 0

Менi сөзбен атып кеттi бiр адам.
Ұшып түстiм.
Ендi қалай тұра алам.
Қадалған кеп оқ сияқты сол сөзден

Толық

Қарап көріңіз