Өлең, жыр, ақындар

Бұрынғыдан терең тартып тереңiм

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 204
Бұрынғыдан терең тартып тереңiм,
бұрынғыдан жасыл тартып желегiм
кеттi әйтеуiр өзгеше боп,
басқа боп
сенiменен кездескелi өлеңiм.
шыдам, сабыр шығып кетiп шегiнен
өзiңдi ойлап,
өзiңдi ойлап емiнем.
Сенiң өрттей ыстық демiң есiп тұр
өлеңiмнiң уiлдеген демiнен.
Өзiңсiң ғой таразым да,
безбенiм.
Қазiр ендi басқамын мен,
өзгемiн.
Қозданады жел үрлеген шоқтай боп
жанарыңның нұры сiңген сөздерiм.
Емдейтұғын жан-жүректiң жарасын
сен мен үшiн өзгесiң ғой,
дарасың!
Аралап жүр сенiң күлкiң сыңғырлап
дыбыстар мен дыбыстардың арасын.
Алай-дүлей дауыл соқсын суырып
ендi сенен кете алмаспын суынып.
Ауыр тартып бара жатыр ойларым
алған-сынды көз жасыңа жуынып.
Сенсiз жүрем езiлiп мен жаншылып,
сен өзiңсiз өлiп кеттi қанша үмiт.
Түстi езiлiп өлеңiмнiң соңына
кiрпiгiң де леп белгi боп шаншылып.
Өзiңменен сөзiм менiң мәуелi,
мәуелi ғой ойларымның әлемi.
Жел сiлкiген жапырақтар секiлдi
сыбдырлайды өлеңiмнiң әуенi.
Бұрынғыдан терең тартып тереңiм,
бұрынғыдан жасыл тартып желегiм
кеттi әйтеуiр өзгеше боп, басқа боп
сенiменен кездескелi өлеңiм.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болатын оқиға

  • 0
  • 0

Осы бір зұлым
Жасарын жасады,
Асарын асады...
Ғұмырында

Толық

Бүгінгі психология

  • 0
  • 0

Олай деймін,
Бұлай деймін, –
Өзімді кіл алдаймын.
Апыр-ай! –

Толық

Шежіреші

  • 0
  • 0

Осы қартты тыңдаймын да түсiнем,
бiр құдiрет сезiп түр мен түсiнен –
жаңа ғана шықса керек
қараңғы

Толық

Қарап көріңіз