Өлең, жыр, ақындар

Жалғыздық

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 204
Жалғыздық кеп құрсау болып қысқанда
қызық бiткен менi тастап ұшқандай.
Үңiрейiп жан дүнием тұр қазiр
ымырттағы аңғал-саңғал қыстаудай.
Бұзылғандай оның жұмбақ қорғаны,
үзiлгендей оған барар жол-дағы.
Үңiрейген менiң мынау жанымда
салбырайды өрмекшiнiң торлары.
Үрей кiрiп оның дымқыл демiнен
жанарыма жас үйiрiлiп егiлем.
Аңғал-саңғал менiң жаным ұлып тұр
уiлдеген жалғыздықтың желiнен.
Қалай шыдар жалғыздыққа бұл адам...
Сөздерiм де үзiк-үзiк құраған...
Есiтемiн түкпiрiнен жанымның
байғыз дауысын сұңқыл қағып жылаған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаз ортасындағы жаңбыр

  • 0
  • 0

Қамшы боп тиiп
қашқанға
тұқыртып басын қорғалап,
төгiлдi дейсiң аспаннан

Толық

Киіз үй

  • 0
  • 0

Орман да емес мекенiң.
Аңғар да емес мекенiң.
Жарлар да емес мекенiң.
Кеңiстiк — сенiң, мекенiң.

Толық

Ашу

  • 0
  • 0

Елiмнiң бойына
Алапат ашу кiрдi.
Шартылдап сiлкiнген
Жасын кiрдi.

Толық

Қарап көріңіз