Өлең, жыр, ақындар

Концерттен соң

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 260
Концерт бiттi,
Бiреу гүлiн ұмсынып.
бiреу қолын соғып жатты құлшынып...
Алып сарай кеттi кенет теңселiп
бiр қарт кемпiр қалған кезде күрсiнiп...
Дегендей-ақ;
жанды тағы қозғашы
көрiнедi бiр кiсiнiң боз басы.
Селден бетер селт еткiздi ақынды
әлдекiмнен ыршып шыққан көз жасы.
Көз алдымнан өтiп бiр сәт боз далам
көкiректе шырақ жанды маздаған.
Сыңсып тұрған бiр үн сiңiп жүректе,
құлағымда бiр үн тұрды боздаған!
Сұлуырақ көрiндi де бұл жалған
үмiт-шыбық көктеп тұрды бүр жарған.
Кәдiмгi осы күн сәулесi секiлдi
сәуле тарап бара жатты бiр жаннан.
Теңестi де әлсiз адам күштiге,
нөсер жауды шөл-арманның үстiне.
Бiр жанарда жарқ-жұрқ еттi найзағай,
бiр жанардан жұлдыз ағып түстi де.
Қосылысып алаңдар мен алаңдар,
тiл қатысты замандар мен замандар...
Кеуделерi басқаша бiр күйге енiп
тарап жатты,
тарап жатты адамдар.
Тарап жатты –
таратып бiр күн нұрын,
оятып ап кеудесiнен мұң жырын, –
бұрынғыдан биiгiрек көрiнiп,
бұрынғыдан жақын тартып бiр-бiрiн.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Молшылық жыры

  • 0
  • 0

Тоғайларым – аспаннан! –
Жерге қонған
Бұлт секiлдi.
Шалшығымның өзi

Толық

Бостандыққа жол

  • 0
  • 0

Ғасырлардың түбiнен
Бостандығымды iздеп шықтым.
Садағымды алдым,
Найзамды ұштадым.

Толық

Мойындау

  • 0
  • 0

Құдайға шүкір
Жат жерге
Көшет боп
Егілгем жоқ.

Толық

Қарап көріңіз