Өлең, жыр, ақындар

Барымта

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 418
Шын сөзi бiреулердiң жалған шығып,
бiр сөзi бiреулердiң алдан шығып
күйдiрiп бара жатқан бүкiл елдi
қызыл көз, қызыл өңеш даулар шығып.
Бiреуi бiр кездегi жерiн даулап,
бiреуi бiр кездегi кегiн даулап.
бiреулер кеткен тiптi туысынан
атының бiрер күнгi терiн даулап.
Болған ғой бұлақ та дау, суат та дау,
далада өсiп тұрған құрақ та дау.
Бiр дауды бiр дау келiп киiп кетiп
басталған сөзге келiп, тұрақтамау.
Бүгiнi ертеңiммен жалғанбаған
адамдар болған даудан арланбаған!
Қызыл көз, қызыл өңеш құтырынған
өртенiп бара жатқан даудан далам.
Осылай тыныш өтпей бiр күнi де
дау-шаралар айналған ғой тiрлiгiне.
Найза мен сойыл алып ақырында
аттанған қандас екi ел бiр-брiне.
Қағысып сатыр-сұтыр қалың жарақ,
жалыны өшпендiктiң жанын жалап,
кеткен ғой жанын байлап, малын айдап
бiр-бiрiн барымталап – барын талап.
Сыйламай ел есiгiн, ер есiмiн
көрiмiн көрсеткен ғой көресiнiң.
Жиенiн ат үстiнде найзаға iлiп,
сойылмен басын жарған бөлесiнiң.
Қарамай шал сауан мен пақырына,
қарамай туысына, жақынына
тегi бiр қанаттас ел бiр-бiрiнiң
намысын бiр-ақ басқан тақымына.
Бiр-бiрiн жаныштаған, күйреткен ғой,
ақылын арсыздыққа билеткен ғой.
Қамшының астына алып ар-ожданды,
сенiмдi шылбыр салып сүйреткен ғой.
Бiреуi бiреуiне iбiлiс боп,
жалғыз сөз бiр дуанға дүбiлiс боп,
дау-шардан, барымтадан
алып далам
тарылып бара жатқан бiр уыс боп...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бүгінгі көрініс

  • 0
  • 0

Қазақстанның денесiн
Қаптаған сөздер
Талап жатыр.
Таланған жерлерi

Толық

Жаза

  • 0
  • 0

Адалмын деп жүрген түрiң осы ма –
деп – қарағым, өтiнемiн, шошыма...
Мән берместен өтiрiктi жәй ғана
айта салдым жақын көрер досыма.

Толық

Қызғаныш

  • 0
  • 0

Қашан көрсең де
Су тиген қарақұрттай
Бүрiсiп тұрады.
Зұлымдық ойлаған,

Толық

Қарап көріңіз