Өлең, жыр, ақындар

Алдар көсе

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 535
Бағытқа сап мың түрлi,
айқын жолын сағым ғып,
адастырды жұртымды
сұмдығы көп залымдық.
Бейнеге енiп сан түрлi
құрған болып кiсiлiк,
айлакерлiк
халқымды
кеттi атынан түсiрiп.
Өрге емес,
ойпаңға
жiберген ғой бұрып-ақ,
әзәзiл жын-шайтандар
желкесiне мiнiп ап.
Бiле алмастан қайтерiн
құрғақ сөзге малданып,
халқым менiң,
әйтеуiр,
қала берген алданып.
...Кететұғын зарлатып
сұмдығы көп жандарды
туған сонсоң толғатып
елдiң өзi Алдарды.
Жатпастан-ақ жар салып
бәрiн-бәрiн ұққан ол,
таусылмайтын ән салып
шайтан мiнiп шыққан ол.
Жанын жеген зор қайғы
Сонсоң сөзбен құрықтап,
шешiндiрiп даңғойды
зар қақтырған суықта.
Қара суды сапырып
отыратын қуырылып,
сараңдыққа ақыры
жегiзген ол туырлық.
Кек, намысы қайнаған
қайтарам деп есемдi, —
алдына сап айдаған
әулекi мен есердi.
Үрейiн ап мiскiннiң,
сонан кейiн күлiп ап,
мақтаншақты,
мысқылдын,
iстiгiне iлiп ап —
құйындатып күн-түнi
жүрген сөздi қыздырып;
тоғышарды
күлкiнiң,
қазанына шыжғырып.
Ажал келiп төнгенде
халқы болған қамы оның.
Өктемдiктi көргенде
өртенген ғой жаны оның.
Ел қайғысын бiлген де
жанын жасқа бұлаған —
жылап жүрiп күлген де,
күлiп жүрiп жылаған!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайдан пана табам?

  • 0
  • 0

Желдiң iшiне кiрiп барып ем
Жел менi қағаздай қиқалап
Жырта бастады;
Ормандарға тығылып ем –

Толық

Айығып кетер ме екен?!

  • 0
  • 0

Дәл қазiр
Жерiм де ауру,
Елiм де ауру.
Жерiм –

Толық

Гүлдер

  • 0
  • 0

Гүлдер!
Гүлдер!
аялап дала күткен.
Үзбе оларды!

Толық

Қарап көріңіз