Өлең, жыр, ақындар

Тазша бала

  • 07.06.2022
  • 0
  • 2
  • 878
Көне алмаған өктемдiкке, жалаға,
көне алмаған қараулыққа, қараға
жатқан қанша тапқырлық пен оттылық
шынашақтай осы Тазша балада.
Жерлерде де жан беретiн жан алып
саспаған ол тығырыққа қамалып —
қой соңында жүрген құйттай ғаламат,
қой соңында жүрген құйттай даналық.
Жалын жатыр,
шыдай алмай қысымға,
шыққан сөздiң астары мен тысында.
...Тұрған қанша көз тiгем деп алысқа ол
жалаңаяқ тебен ине ұшында...
Күйiн кешiп жүрсе-дағы ғарiптiң,
кететұғын iсiн iстеп алыптың —
ойлап өткен ел қамы мен жер қамын
Тазша бала — баласы ғой халықтың.
Көзге түссе —
көрсөқырдың әздiгi,
көзге түссе —
бейшараның ездiгi,
тiлiп түсер Тазша бала
елiмнiң,
болған екен алтын сапты кездiгi.
Арқасында — торсығы мен дорбасы,
жалғыз өзi —
болмаған дос, жолдасы..!
Оның бiрақ жалғыз ауыз сөзiнен
ойран болған озбырлықтың ордасы.
Өне бойын өрттей буып қысқанда ой
ауызынан сөздер құс боп ұшқан ғой.
Жаңа жауған аппақ қардай хан қызын
шоқпыт киген сол Тазшамыз құшқан ғой.
Қанға сiңген —
ол жайлы ертек ертеден.
Көтерiлер Тазша десе мәртебең.
Тақта отырған талайларды ол
ақ жалын
өтiрiктiң шындығымен өртеген!
Ұлы далам таланып та, қаналып,
жатқан одан дария боп қан ағып...
Сондай кезде елiн аман ап шыққан
таз кепештi, шоқпыт киген даналық!



Пікірлер (2)

Бекзат

Темірхан Медетбектің Тазша бала атты өлеңі ұнады

Сара

супер

Пікір қалдырыңыз

Күйініш

  • 0
  • 0

Мына жанның iшi неткен қараңғы!
Безiндiрiп жiберетiн адамды,
безiндiрiп жiберетiн заманды,
сыздататын жаныңдағы жараңды

Толық

Тасып кетер арнадан

  • 0
  • 0

Тасып кетер арнадан,
көктем, саған таң қалам.
Махаббатқа қанбаған,
көктем, саған таң қалам,

Толық

Өткен күнге экспромт

  • 0
  • 0

Қайық деп мiнгенiм
Табыт болды.
Гүлтәж деп кигенiм
Қамыт болды.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар