Өлең, жыр, ақындар

Қызғаныш

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 403
Қызғаныш-ай,
бiрiсiң қасiреттiң!
Қаншама рет жанымды осып өттiң.
Мың сан түрлi шарғысы,
айласы бар,
қызғаныш-ай,
бiрiсiң қасiреттiң!
Аласұрып, алқынып, дөңбекшiген
(өзiн-өзi осылай жеңбекшi ме?)
ақырында тулақтай тырысып қап,
бүрiсесiң су тиген өрмекшiдей.
Бiлмейсiң сен –
бiреумен бәстестiң бе?!
Бiлмейсiң сен –
бiреумен өштестiң бе?
Бар болғаны болсын деп тек өзiме,
болмаса екен дейсiң сен басқа ешкiмге.
Арманы мен үмiтiн алға салып
бiреу егер биiкке самғаса анық
iшiң күйiп шыдамай
шашты жұлып,
жiбересiң бетiңдi қан жоса қып.
Қаншама сен шыдамай құладың-ай,
қаншама сен өртенiп жыладың-ай.
Көзiң неткен көр едi көре алмайтын,
Iшiң неткен тар едi, құдайым-ай!
Қуанышын бiреулер жеткiзгенде,
ертеңiне үмiтiн өпкiзгенде,
ал бiреулер мақтанып мiнбелерден,
ендi бiреу той жасап өткiзгенде –
қызғаныш-ай,
арамдық отын ап кеп,
көкбеттенiп,
қуарып шатынап тек
iшiң күйiп кетедi!...
уытын бас
қара тасты кемiрiп, топырақ жеп!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бостандыққа жол

  • 0
  • 0

Ғасырлардың түбiнен
Бостандығымды iздеп шықтым.
Садағымды алдым,
Найзамды ұштадым.

Толық

Тілек

  • 0
  • 0

Аллатағала!
Мен қазiр
Жалғыз қалғандаймын!
Тiлейтiнiм:

Толық

Қатерлі сөз

  • 0
  • 0

Батырам деп түнекке
қанталаған қабарып,
жылдар бойы жүректе
жатты бiр сөз қадалып.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар