Өлең, жыр, ақындар

Дүниенi дүрлiктiрiп жұлқылап

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 224
Дүниенi дүрлiктiрiп жұлқылап,
Қара дауыл соқты дейсiң бұрқырап,
Ұшырардай екпiнiмен тасты да.
Соқты дауыл
жаңбыр құйып бүркiген,
найзағайлар сiлкiген
қара бұлт қанатының астынан.
Жырлап соғып жабайы өлке дастанын
жапырды кеп ағаштардың бастарын.
Уiлдетiп көмейiнен құмды үнiн
тастады ендi ол тақиядай сыпырып
киiз үйдiң түндiгiн.
Жалаңаштап жалап қырат, белiңдi
тулақ қылып қақты қара жерiңдi.
Қала алмассың көк дүлейге құрық сап
кiрiп келдi ауылдар мен қалаға
бұрқап соғып бүлiк сап.
Дүниенiң төрт жағына айқай сап
соқты дауыл, соқты дауыл сойқан сап.
Дәрменсiздi қаңбақ етiп ұшырып,
жiбергендей болды дейсiң бейне бiр
жердi аспанға шығарып,
көктi жерге түсiрiп.
Бiрде күлiп,
бiрде сыңсып,
ысқырып
соққан кезде ол ышқынып
ақ жол толқын аспанға атып шапшиды.
...Қара дауыл қанатымен суылдап
керек болса төгiп тастай салам деп
шар табақтай шайқап тұрды Каспийдi.
Бөрлiктiрiп,
дүрлiктiрiп ұлыған
сонан кейiн айдалаға шығып ап
найзағай боп сiлкiнiп,
жаңбыр болып төккенiн,
суырғанын құйын боп
жота, қырдың бөктерiн,
бәрiн күй қып ғаламат
долдандырып тартып жатты пернесiз
телеграф сымдарының шектерiн!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мазасыз түн

  • 0
  • 0

Түн жарымы.
Ауыл отыр жазықта.
Жер сiлкiнiп,
жел жұлмалап қажытқан

Толық

Сансырау

  • 0
  • 0

Бір күні мен
Өмірден безініп
Өзімді өзім
Жерледім.

Толық

Түрмеге ұя салған қарлығаш

  • 0
  • 0

Құдай-ау,
Азат қарлығаштың
Түрмеге ұя салғаны несi?
Бостан еркiндiгiн

Толық

Қарап көріңіз