Өлең, жыр, ақындар

Аялдамадағы алма ағашы

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 341
Көшiп келген ауладағы бағымнан,
қолын бұлғап автобусқа ағылған,
адамдарды шығарып сап, күтiп ап
тұрады ол аялдама жанында.
Басындағы жасыл жiбек шалмасын
тоздырады тозаң менен шаң басып...
ерте кезде-ақ топырлаған балдарға
үлестiрiп жiбередi ол алмасын.
Шомылам деп таңның салқын шығына
тоңғаннан соң
дейдi ме екен жылынам –
желмен бiрге желп-желп етiп кей кезде
жүгiредi бiр орнында тұрып ап.
Аңсайды ол құстың әнiн – саздарды,
дiрiлдейдi ол гүрiлiнен «МАЗ»-дардың.
Қиын оған,
қиын оған тап қазiр
ауа орнына иiсiн жұту газдардың.
Тас лақтырса бiр тентек кеп тасынып,
жерде жатар жапырағы шашылып.
Сындырардай бұтақтарын қайырып
жатады оған мастар келiп асылып.
Жалғыз қалсаң соққы көру қиын ба?!
Ең алдымен соны сiлкiр құйын да...
Не десең де мынау шулы көшеде
тұру оған бүгiнде ендi қиындау.
Содан ба екен одан көздi ала алмай
қарай берем,
қарай берем алаңдап, –
бәрiн тастап, автобусқа ол
бiр күнi
мiне салып, мүлде кетiп қалардай.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қанжар

  • 0
  • 0

Әрбiр сәтiн есептеп,
күнiн санап сөнбеген,
жатты бiр шал төсекте
ауру қысып меңдеген.

Толық

Қазақтың тағдыры

  • 0
  • 0

Демесек те:
Қаралы тiзiмде тұр,
Қазақтың тағдыры
Қылпылдап тұрған

Толық

Алматы

  • 0
  • 0

Ұлы қалам!
Басыңнан не өтпедi?!
Не көрмедiң?!
Өлмедiң!

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар