Өлең, жыр, ақындар

Жылдамдық

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 516
Жылдамдықтар,
жылдамдықтар,
жылдамдық...
Дене қызып, мың өртенiп, мың жандық,
Зуылдайды төбемнен де, жанымнан
жылдамдықтар,
жылдамдықтар,
жылдамдық...
Жылдамдықтар – дәл осы сәт күшiнде,
бiлiп ал сен мұны мықтап түсiн де.
Көк аспанмен ағып бара жатасың
жылдамдықтар салонының iшiнде.
Зуылдайсың ертектегi жындарша,
жатыр онда жазылмаған жыр қанша.
Көкжиекке сiңiп жоқ боп кетесiң
найзағайлар көзiн ашып-жұмғанша.
Ендiктер бар кесiп әлi өтпеген,
бойлықтар бар мен көрмеген көптеген.
Жас ағызып жылдамдықтың көзiнен
заулап барам, заулап барам көкте мен.
Жақын қалды «ә» дегенше қарашы –
қашықтық пен қашықтықтың арасы...
Сорғалаған жұлдыздармен көктегi
соқтығысып қалар ма екем мен осы?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сансыраған хал

  • 0
  • 0

Бүгiнде
Өз жерi мен өз елiнде
Тiлiм мен дiлiм
Екi бүктелiп

Толық

Антитеза

  • 0
  • 0

Зiлзала күн туып ерте заманда
бiр уыс боп тұрған қалам, далам да.
Жаулар төнген жан-жағынан жалаңдап,
белiңдi үзiп,

Толық

Ішінде жыланы бар адам

  • 0
  • 0

Қауiп пенен қатер жатқан күшiнде,
зымияндық, сұмдық жатқан iсiнде, –
тойымы жоқ, қойымы жоқ ғұмыры
адам көрдiм жыланы бар iшiнде.

Толық

Қарап көріңіз