Өлең, жыр, ақындар

Мән бермесем сөздер менен сыбысқа

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 367
Мән бермесем сөздер менен сыбысқа
жүр деме сен менi босқа тыныстап,
шындық үшiн
жүрiп жатыр жанымда
айтыс,
тартыс,
келiсiм мен ұрыстар!
Жүрiп жатыр бойымда
бiр-бiрiмен арбасып,
бiрiн-бiрi жыға алмастан алмасып,
сезiмiмнiң терезесiн быт-шыт қып
бiтпей қалған
төбелестердiң жалғасы.
Ерлiк – жеңiп,
ез – өлiп...
жар астынан жамандық
жақсылыққа жатар мылтық кезенiп.
Қорқыныштар қаңбақ болып безедi.
Күрсiнедi өкiнiштiң өзегi.
Соның бәрi он бойымды кезедi
соның бәрi бауыр-еттi езедi.
Ондай кезде қаншама мен бекiндiм.
өзiме-өзiм сабыр ет деп өтiндiм.
Салқын төзiм оятты кеп ұятты.
Басын таңар намыстың
ақ халатты Аяныш
дәрiгерлер сияқты.
Мән бермесем сөздер менен сыбысқа
жүр деме сен менi босқа тыныстап,
шындық үшiн жүрiп жатыр бойымда
айтыс,
тартыс,
келiсiм мен ұрыстар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осынау өмiр, жалғанда

  • 0
  • 0

Осынау өмiр, жалғанда
азайсын деймiз бүлiктер.
Көбейсiн деймiз Армандар,
көбейсiн деймiз Үмiттер!

Толық

Қазақтың тағдыры

  • 0
  • 0

Демесек те:
Қаралы тiзiмде тұр,
Қазақтың тағдыры
Қылпылдап тұрған

Толық

Сырдарияда суға кету

  • 0
  • 0

Мына өмірде
Көргенім көп менің...
Бала кезімде
Сырдарияға

Толық

Қарап көріңіз