Өлең, жыр, ақындар

Түнгі хабар

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 359
Диктор дауысы айырылыпты сабырдан –
ораныпты бiр ел тағы жалынға...
Есiтiлдi барлық жерге,
бар елге
сол үрейлi бомба дауысы жарылған.
Дүниенi сiлкiндiрген атағы,
жарқыратқан тыныштықтың шапағы
егiн егiп,
құрыш құйып зауыдта
жатқан тыныш
жалт қарады Отаным.
Жалт қарады қалалар да,
дала да, –
қаншама тау, теңiз жатсын арада.
Жалт қарады сол бомбаның даусынан
жас баласын құшақтаған ана да.
Тыңдай қалды шопан да күн қақтаған,
жер астында солқылдаған шахталар.
Мойнын созып қарап тұрды сол жаққа
жапандағы мұнаралар қаптаған.
Түтiнiмен бейбiт көкке бұрғы сап,
желбiреген ту құсап, —
қауiп күтiп тұрды үңiлiп аспанға
трубалар тiк шаншылып дүрбi сап.
Сақтанбасаң,
сақ болмасаң аяр кiм,
сыр деп ұқ сен әркiмге де аян бұл.
Темiржолдар,
темiржолдар созылған
пулеметтiң лентасындай даяр тұр.
Сiңiрiп ап өн бойына мұңлы ызғар
әлем жатты бiр суынып,
бiр қызған...
Ай тығылып бiр жапырақ бұлтқа,
дiр-дiр еттi жұлдыздар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктемгі сурет

  • 0
  • 0

Түнімен жауған жаңбырдан
Дүние салбырап,
Басылып қалыпты...
Жердегі шалшықтар —

Толық

Айбат

  • 0
  • 0

Қаhарландым! –
Бiр қолыммен
Тау шайқадым.
Бiр қолыммен

Толық

Қазақ тағдыры

  • 0
  • 0

Қазақтың тағдырын
Ойлап қарасаң
Өз өзiңнен түршiгiп,
Өз өзiңнен тоңасың:

Толық

Қарап көріңіз