Өлең, жыр, ақындар

Пойыз

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 267
Заулайды пойыз, заулайды пойыз, заулайды,
туннельге сүңгiп,
бауырдай тiлiп баурайды.
Табанда жатса рельс бiткен жалтырап,
ағады зулап алапат күшпен сарқырап,
заулайды пойыз, заулайды пойыз, заулайды.
Жылдамдықтардың даусымен сөйлеп жар салып,
барады олар қашықтықтарға қарсы ағып.
Шығарып салар қаншама шулы вокзалдар
сағыныш толы гүлдермен оны қарсы алып.
Заулайды пойыз, заулайды пойыз, заулайды
денесi қозып –
Сiбiрдiң аппақ қарынан,
денесi қызып –
түстiктiң аптаптарынан.
Сұғынып алып –
тайганың қалың нуына,
жуынып алып –
Қырымның жаңбырларына
заулайды пойыз, заулайды пойыз, заулайды.
Дүрсiлдеп ақса ол –
қарық қып соны сырларға,
күй тарар ғажап бағана ерткен сымдарға.
Дүрсiлдеп ақса ол –
болады жердiң астында
ғаламат сағат сартылдап соғып тұрғандай.
Алқынып жетiп қиыр шет, қиян тыңдарға,
айқайлап боздап күркiреп боздап құмдардан.
Толқын да толқын төгiлiп жатқан будақтап
Төлеген менен Меңдекеш жазған жырлардай.
Ұшатын келiп тұлпардай бейне үркек-ақ,
пойыздай бейне кететiн зулап сiлтеп-ақ
заулайды мезгiл, заулайды мезгiл, заулайды
он екi айын, он екi вагон тiркеп ап.
Керемет үнге толтырып әлем алабын,
үстiнен ағып далалар менен қаланың
заулайды мезгiл, заулайды мезгiл тiркеп ап
он екi айын – он екi бiрдей вагонын.
Сағыныш сазын жүгiртiп барлық шектерге
жаңғыртып үнiн келер күндер менен өткенге
заулайды мезгiл, заулайды сүңгiп тоқтаусыз
Күз бен Қысқа, Жаз бен сұлу Көктемге.
Арқама менiң қаншама салмақ түстi деп,
күн өткен сайын тағы да, тағы күш тiлеп
заулайды мезгiл рельс етiп өзiне
шексiз де шексiз Арман мен Үмiт үстiмен.
Зулаған шалқып арғымақ екпiн арынмен,
үн қосып оған бойдағы байлық, барыммен
астына оның төсеймiн төрт жол шумақтан
ойлардың шпалдарын мен.
Ұмытып кетiп қаншама рет сақтықты
асу мен белде ол қаншама рет аптықты.
Тиеп ап сықап он екi бiрдей вагонға
тiлек пен қайғы, шаттықты,
балалық жастық, қарттықты, –
заулайды мезгiл, заулайды мезгiл заулайды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жаңбыр құдіреті

  • 0
  • 0

Дүние
қап-қара боп түнердi.
Дүлейлi құйын соқты.
Әлдене сұранды...

Толық

Жұт

  • 0
  • 0

Арттағысын көмген,
Алдағысын жапырған,
Алып даламды
Алып астаудай етiп

Толық

Көп қатарлы үйлер

  • 0
  • 0

Ақындарды шабыт керiп тасқанда
Теңедi оны алып ұлы дастанға...
Ал мен үшiн омарталар сияқты
Биiк үйлер – тiк шаншылған аспанға.

Толық

Қарап көріңіз