Өлең, жыр, ақындар

Қаншама ғасыр

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 365
Қаншама ғасыр,
қаншама дәуiр өтсе де
тастамай қалам,
қайласын, ине, ұршығын,
әр минуттар мен
секундтарды өкшелеп
келедi жасап,
келедi жасап Тiршiлiк.
Ақындар бiткен
өзгеше дауыс, ырғаққа
өткiзе алмай қаламын,
желкендей кернеп
кеткенде бойын мұң қаптап,
жатады күн-түн толқытып,
бұлқынтып бұла тiрлiктi
шөлдерiм,
тауым,
алабым;
жете алмай әлi
дiттеген жерге жете алмай
ұшады келiп,
ұшады ессiз жылдамдық
қуырып жердiң танабын;
ап келем деумен
өзгеше дауыс, ырғақты
бауырға басып құс бiткен
шайқайды жұмыртқаларын.
Миллион жылдар бойына
жатады ылғи тiршiлiк
сiлтенген қайла,
кетпенде;
шырқауда ұшқан
бүркiт пен тырна,
кептерде,
ұяда,
шөлде,
мұхитта,
жүрек пен бұлшық еттерде,
тұншығып,
тулап,
ыңыранып
жаңа бiр дауыс
жаңа бiр тағдыр, өмiрдi
босана алмай қиналып!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қысқы серуенде

  • 0
  • 0

Маң-маң басқан
Бір кісінің жетегінен
Кішкентай ит көрдім:
Алматыда мұндайдың

Толық

Күзгі сурет

  • 0
  • 0

Алтын күз бұл –
сағыныш деп аталар.
Сағыныштан жүрек,
санаң от алар.

Толық

Іздеймін

  • 0
  • 0

Мен қазір
Сөздері де келіскен,
Өздері де келіскен.
Елі мен жері үшін

Толық

Қарап көріңіз