Өлең, жыр, ақындар

Өлең жазылмаған сәтте

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 386
Қағаз құрғақ
Бiр керемет қамалға
беттей алмай тұрған бейне адамдай
ойға батам,
ой да бiрақ құп-құрғақ.
Қару етiп алам қалам қолыма
сөз қауқары болмаған соң, амал не,
құрғап қалған қалам да!
Жұлып тастап үнсiздiктiң тiрегiн,
деп ойлап ем:
бiлегiмдi түремiн.
Селт етпедi, амалым не, бұған да
тулап шыға келетiн
тентек менiң жүрегiм.
Қамшылаймын өзiмдi
iсiм көп деп бiтпеген,
бұрмақ болам ойларымды өлеңнiң
бұрылыстарына күтпеген.
Ал санамда дәп қазiр
картадағы шөл-шөлейттiң орнындай
жалқын бояу,
ұсақ қара нүктелер.
Мүлде ендi ойсыздықтан жалықтым,
жалықтым мен, жабықтым...
Құрғап қалған,
шөлдеп қалған өлеңсiз
менiң жұмыс бөлмемде
сiлкiп ұрып нервiмнiң жiптерiн
сағаттардан
құп-құрғақ
секундтар тамып тұр.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әурешілік

  • 0
  • 0

Бетiн жұлар қарсы келсе беттеп кiм,
Мына заман заманы ма көкбеттiң?!
Салатұғын әуре менен сарсаңға
Өнбейтiн дау, өнбейтiн сөз көп боп тұр.

Толық

Күн батарда

  • 0
  • 0

Дамылдаған арқасынан жүк түсiп
жатыр төбе, дөңес, жота бүк түсiп.
...Батып бара жатқан күннiң астынан
реактивтi самолеттер шықты ұшып.

Толық

Ұлы адамның қабірі басында

  • 0
  • 0

Арқырап жатқан
Таудай қара тасқынға
Қасқайып қарсы жүретiн
Қайығым едiң.

Толық

Қарап көріңіз