Өлең, жыр, ақындар

Көркемөнерпаздар фестивалі

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 430
Дүбiрлi шулы көктемге
көк айдын бейне сахна.
Қарамай артқа, өткенге
келiңдер тездеп,
шақырам.
Қараймын көлге жыр аулап
құлаққа құйып үндерiн.
Тырналар жеттi тыраулап
аспанның ансамбльдерi.
Сұлу бiр мұңлы қайғымдай
кеудемдi тұтас ән етiп,
қос аққу жүрдi айдында
орындап көктем балетiн.
Бұрылыс жасап мың қилы
жақындап келiп жағаға
шаңқылдап көлге сүңгидi
шабақты iлiп шағала.
Көзiңдi алмай көлден бiр
тартасың басты қайтудан.
Көлiмнiң үстi ән мен жыр
көлiмнiң үстi той-думан.
Әуез боп, ән боп құбылған
тыңдап көр ғажап саздарды –
көк айдын
көлдiң бетiнде
құстардан сансыз құрылған
көркемөнерпаздардың
фестивалi өтуде!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Музыкалық аспаптар

  • 0
  • 0

Музыкалық аспаптар!
Көшеде, үйде, бар жерде
сөйлеңдер шалқып, асқақтап,
музыкалық аспаптар!

Толық

Құлазу

  • 0
  • 0

Жүздеген жылдар бойы
Жыладым!
Ғасырлар бойы
Жыладым!

Толық

Қолшатыр астындағы адам және уақыт туралы ой

  • 0
  • 0

Қара жаңбыр.
Қала iшi.
Құйған саулап ағынды-ай!
Қолшатырға қарашы

Толық

Қарап көріңіз