Өлең, жыр, ақындар

Түстің екен - күреске

  • 02.12.2015
  • 0
  • 0
  • 1685
Түстің екен - күреске,
Айлаңды асыр - күшіңмен.
Кірістің бе бір іске
Күрмеуін шеш - тісіңмен.
Бөркің төрге ілінбес,
Басына жет - биліктің.
Жүлде алғаны білінбес
Жаршысы жоқ - жүйріктің!
Сабыр сақтап тоқтасаң
Басыңнан сөз аспайды.
Жүрген жерде - мақталсаң
Сырын ешкім - ашпайды.
Есе даулап - өшікпе,
Жүрегіңе жүк артып.
Үре білген - күшік те
Төбеттерден - тым артық!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жібімей өтер, тіршілікте

  • 0
  • 0

Жібімей өтер, тіршілікте
Пенденің қатқан көнегі.
Жоқты қуу ерлік пе
Тимейді ешкім көмегі.

Толық

Қанатымен көлдің бетін

  • 0
  • 0

Қанатымен көлдің бетін
Жалап ұшты - шағала
Күміс толқын көк өрнегін
Алып қашпақ далаға.

Толық

Топ ішінде

  • 0
  • 0

Топ ішінде,
Біреу жүр, бой жасырып,
Мақсатын,
Мансап қуған-ойға асырып.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер