Өлең, жыр, ақындар

Батыстың тентек желдерi

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 373
Батыстың тентек желдерi,
түстiктiң өртең желдерi,
шығыстың құрғақ желдерi,
терiстiң бұрқақ желдерi,
көптен бiр соқпай кеттiңдер
құйынсыз қалды шөлдерiм,
иiрiмсiз қалды көлдерiм,
көптен бiр соқпай кеттiңдер
тағы да, тағы, кел берi.
Ереуiл тiлеп өксiп тұр
жүрегiм толғау таппаған,
найзағай осып кетсiн бiр
бұлттарыңды әкеп төк маған.
Судырап, сыңсып, қалтырап
барады менi жалтақ қып, –
қара суығыңды алып кеп,
сарғайтқан мезгiл сартап қып
жапырақтарымды қағып кет.
Соза алмай семсер-қолымды
шеткерi қалдым дүрмектен,
шала боп сөнген шоғымды
сөндiрмей қайта үрлеп бер.
Ықтаған сайын ұратын,
қасарып, қайтпай, табандап,
тұқыртып тұншықтыратын
керiмсал менен боранды ап
тағы да сынап көр менi.
Тағы да, тағы кел берi,
батыстың тентек желдерi,
түстiктiң өртең желдерi,
шығыстың құрғақ желдерi,
терiстiң бұрқақ желдерi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күзгі молшылық

  • 0
  • 0

Күз...
Адамды көтерiп
барады желiк бiр.
Дүние толықсып

Толық

Кім екенімді білдім

  • 0
  • 0

Құшағым –
Тауды құшақтайтындай –
Кең едi.
Көңiлiм –

Толық

Көне құлпытастағы сурет

  • 0
  • 0

Үстірттегі
Сисем ата қорымында
Шеттеу тұрған
Құлпытастың бетіне

Толық

Қарап көріңіз