Өлең, жыр, ақындар

Жыр жазайын адалға аузым толып

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 428
Нан жоқ. Аштық. Аштардың қарны ашады.
Май бар. Бал жоқ — тоғышар зарлар шағы.
Тауып берші, етегі жасқа толып,
Сұрар, жылар, көз жасы парлар тағы.
Адамнан бал, Құдайдан жан сүрайды,
Шайқасады, дал-дүл боп қансырайды.
Аянбайды. Шаш жұлып бет жыртысар —
Ар салмағы,жанымды жаншылайды.
Өлі жатып, немесе тірі жолық,
Тоғышарға — қураған ары солып:
Мүрде тәнін тонайды, тірі жанын,
Асып жатсын басынан бәрі толып.
Тоғышардың қайғысы — тоқшылығы,
Кімді қинар ар, үждан жоқшылығы?..
Ана тілмен, ақ сүтпен ауызданшы,
Айналайын, жас ұрпақ, - ұқшы мұны!
Май жемей-ақ қояр ем аузым толып,
Бас тігемін қатерге жаушың болып.
Тек, қарындас, жаныңды таза ұста,
Жыр жазайын адалға аузым толдып.

Алматы. 27.02.1991 ж



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Миллион жылдар елестеп

  • 0
  • 0

Әулие Бекет мешіті
Үш жүзге жуық шақырым.
Бір түнеп қайтпақ ойы бар
"Әуейі-ақын" пақырың.

Толық

Сұраңдаршы сүйінші

  • 0
  • 0

“Сүйiншiлеп” атой салмас осы күн,
Ұмытқан-ау әдет-ғұрып жосығын.
Ұрандатып келе жатса бiр бала,
Шабар едiм қапталдаса қосып үн.

Толық

Ұлыма хат

  • 0
  • 0

Мұнартып көзім дымданып,
Екпін жоқ сөзде, ым қалып.
Тағдырға мынау қатыгез
Отырмын жаным шын налып.

Толық

Қарап көріңіз