Өлең, жыр, ақындар

Арман көлде

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 238
Адасады-ау, кей-кейде, сірә, сезім
Алпыс жас не... он бесі... бір, ә, сезім?!
Бір қаңғыбас, тағы да іздеп кепті,
Күлдірмекке дейді ғой "бұра сөзің".
Биік арман!.. жалына қол жетпейтін
Асауарна!.. бойлатпас, ендетпейтін.
Қиял арман — ол шіркін бір құладүз,
Ол бір дала! жаныңнан шел кетпейтін.
Бәрі бірдей ойланса бізше бір түн
Биқамдықтың шылбырын үзсе бір күн.
Ұлт намысын желкен ғып "арман көлде"
Аққулардай жарасып жүзсе, шіркін!

Ақтау. 6.06.2001 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Абай

  • 0
  • 0

Береке-бірлік кеткенде
Дон, Днепр, Қырым,
Қап тауы — қазақ көшкен жер,
Еділ мен Алтай — малының басы өскен жер.

Толық

Асау

  • 0
  • 0

Тымағыңды басыңқырап киіп ап,
"Шыбын жанды шүберекке түйіп ап" —
Қарғып мінсең арындаған асауға,
Жігіт аты кетті-ау саған сыйып-ақ!

Толық

Сардарлар

  • 0
  • 0

Сана "қартым" әдетін қоя алмады
Маза бермей түрткілеп... "оян, кәні".
Қара жусан қаншама өртенсе де,
Қасиетін жусандық жоя алмады.

Толық

Қарап көріңіз