Өлең, жыр, ақындар

Бөлінбес енші

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 206
Не болған маған —
Сендермен, сезім, тілдеспей?
Қарамай қағаз
Бетіне оның күндестей.
Бірімен бірі
Шашылған ойлар үндеспей,
Не болған маған
Жолдардың маржан
Мағызын шайнап күй кешпей?
Қалдым ба жұртта
Қасаң ой талмап, сағыздай?
Емес пе ем бір кез
Сендерді баққан нағыз бай.
Көңілді күйттеп,
Көйлекті биттеп кеттім бе,
Барам ба сөніп,
Жұпарлы сөзді
Шоғыңа сенің тамызбай?
Сананы кернер
Бой бермес ойлар қайдасың?
Өріссіз қалып
Жүр ме екен "алпыс" жайғасын?
Сәлем де оған,
Жетпіс пен сексен алда де,
Қарттыққа ерте,
Сертінен берген,
Шабыстан әзір таймасын.
Жиып ап миға
Әлемдік барлық қайғыны —
Бататын ойға
"Елім" деп "Жерім" қайда ұлы?
Тоқырап қалма,
Ақиқат біреу қашанда
Ойлаған ойың —
Бөлінбес енші,
Меншігі елдің, байлығы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Әйелдер

  • 0
  • 0

Өзіңе балап, әлемді ерлер ұмытқан,
Бөбектер сусап, нәр алған сенен, тұнықтан.
Жаулығың сенің бір үйлі жанға шатыр боп,
Жанарың сенің бір үйлі жанды жылытқан.

Толық

Ұлық тұтсаң атаңды

  • 0
  • 0

Ай — Тағдырым, Жер — Анам, Күн — Тәңірім!.
(Көктен жеткен сеземін үн сарынын.)
Жырлап келем Табиғат құдіретін,
Сөз төркінін, дәметіп, кім танырын.

Толық

Арман-сыр

  • 0
  • 0

Жұмақ па екен, Жер ме екен?
Ауыл ма екен, ел ме екен?
Ақынның жаны аңсаған,
Қайдасың, қайда сол мекен?

Толық

Қарап көріңіз