Өлең, жыр, ақындар

Тас тарих

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 471
Жермен бірге атам қазақ дөңгелеп,
Қанша түлеп, сонша күйреп сөнген ед.
Кеше тудық, ұлт емеспіз дейтіндер,
Тастан оқы, қалар санаң жөнге кеп.
Тас тарих... Басқа заман, басқа шақ,
Болашаққа қалдырыпты тас қашап.
Алтын тозар, темір азар деді де,
Бар үмітін бедерлепті тасқа сап.
Баян еткен мың ғасырлық ерлігін,
Мақтан тұтқан түркілігін, ерлігін.
Сол тастардан өмірбаян оқып ап,
Енді бүгін "Мен - қазақпын!" дер күнің!
Адам-Ата атын сақтап түркілер,
Жаратылған ең алғашқы, ілкілер.
Саз парақтар, тас кітаптар — жыр, дастан
Орынсыз деп мақтанышың кім күлер?
Көшкендерден көшпегендер сескенді,
Мықтыларға әлсіз әсте өшпенді.
Тірлік сәні, Әлем заңы — қозғалыс,
Көшпенді емес, менің бабам көшкенді.
Тірлік сәні, Әлем заңы қозғалыс,
Көше білген шыққан талай жолға алыс.
Көргендерден көрмегендер үйренген,
Осы маған мақтаныш пен толғаныс.
Саз бен тасқа өріп басқан сыналап,
Басқалардан мың жыл бұрын, міне бақ!
Тас тарих — Орхон, Алтай, Қырымда,
Тас кітаптар мәңгілікке шыдамақ.
Тас тарих — жаңылдырмас даңғылым,
Ойын оқы, өрнегін көр, сәнді ұғын.
Әлі күмбез атасына тұрғызар —
Бұ қазақтар — мәңгі сақтар, мәңгі ғұн!

Ақтау. 3.07.02.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Күн иісі

  • 0
  • 0

Бүгін бұл жақта (Семейде) сақылдаған сары аяз.
Маңғыстау шілдесін де сағынады екен-ау, адам деген.
Шыжыған күн. Жер кеткендей жұмсарып,
Ыссы тозаң, ауа күл боп, ұнталып.

Толық

Өңеш

  • 0
  • 0

Тойып тамақ іше алмаймын
Өңешімнен жаралы ем.
Содан болар, сеземін мен
Тірлік құнын шамамен.

Толық

Әлі өтеген жоқ едім қарызымды

  • 0
  • 0

Ұрандатсақ жас кезде – маздайықшы,
Көңiл қайтқан мiне ендi, жаз тайыпты.
Жалыны жоқ, жүректе шоғы қалған,
Көкiректе қоздайды саз байыпты

Толық

Қарап көріңіз