Өлең, жыр, ақындар

Анаға құрмет

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 453
Пайғамбарға арналады
Әлдекім келіп:
— Иә, Расуллаһ, қадір-құрметке ең лайықты жан кім?" — деп сұрады.
— Сенің Анаң! — деді Пайғамбар (ғ.с.)
— Онан соң кім?
— Сенің Анаң!
— Тағы кім бар ? — деді үшінші peт оған.
Әлгі кісі осы сұрақты төртінші рет сұрағанда: "Сенің Атаң!" — деп жауап қатыпты Пайғамбар (ғ.с.).
Хадистерден.

"Алладан соң ең ардағым Анам", — деп,
Қайталасын үш мәртебе санаң тек.
Еске түссе өсиеті Пайғамбар,
Ойға батып, еркімнен тыс, қалам кеп.
Бала Ананың мейіріне бөленіп,
Ең адал ас — уызына кенеліп.
Барлық бала осылайша ардақты,
Осы шақта періштеге теңеліп.
Мәпеленіп барлығы да ержетер,
Бірі озар, бірі азар, кер кетер.
Болар бала, дейді содан боғынан —
Айтпайды ғой ешқашанда ел бекер.
Бердің бе сен — қысылғанға қол ұшын?
Еттің бе еңбек — мұсылмандық жол үшін?
Өз Анаңды, — депті,— арқала Қағбаға,
Өте солай ана сүтін — борышың.
Ана-мұхит, Ана-теңіз телегей.
Ана-мейір — бала жанын бөлегей.
Ана-Ай, Күн, Ана-бағдар! Адасар
Кеткен жандар Ана атын елемей.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Адамдарға назам бар

  • 0
  • 0

Қабағандай арсылдаған адамдар,
Қыл-қыбырға қақалмаған қабандар,
Жоны қалың, жаны бітеу надандар,
Ар сатуға арланбаған жамандар,

Толық

Қарағым

  • 0
  • 0

Қандай еді!.. көркің көз тоймас,
Отыз бес жыл күткен қарағым!
Сағыныш тұнған денеме,
Сезім боп тәтті тарадың.

Толық

Ұйқысыз түн

  • 0
  • 0

Кілт өзгеріп, күн бата, жаратылыс,
Тапқандай ма, аз дамыл, дала тыныш.
(Табиғаттан тыс туған құбылыстай,
Бұ не ғажап, алмайды қала тыныс).

Толық

Қарап көріңіз