Өлең, жыр, ақындар

Отпан тауы

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 426
Отпан тауы — "От Адамның" мекені
Әлімсақта болған екен деседі —
Ғұламалар табиғатпен тілдескен,
Дана шалдар, өтіп кеткен кешегі.
Отпан тауы тіршіліктің басы екен
Тым тереңнен жерден шыққан тас екен
Даналықтан аласарып, дейді екен —
"Хан Тәңірді бар биікке бас етем".
Жер жүрегі, от боп бір кез атылған,
Қызыл шоқтар — анау тас боп жатырған.
Заңғарлығын ғасыр ұрлап Отпанның,
Ал уақыт жымқырады ғасырдан.
Бәрі аңыз
Тарих туар аңыздан,
Нақ аңыздар сілекейді ағызған
Отман тауын мекендепті Ман-Ата.
Сақталады аңыздарда нағыз жан.
Отман тауын мекендепті Ман-Ата,
Содан бері өтті өмірден сан ата.
Жетеу емес, жетпіс емес ұрпағы
Ман-Атадан үш жүз алпыс санаса...
Отман тауын мекендепті Ман-Ата,
Үш жүз алпыс ата бопты санаса.
Кім біледі: түркі, қыпшақ, тағы кім,
Ағылшын боп жер бетіне тараса?
Болған бір кез он мың метр заңғарым,
Қарсы алған Көк Тәңірдің таңдарын.
Ман-Атаға, Зор-Атаға тұғыр боп,
Нұрландырған, иман шаша, жан-жағын.
Отман тауын мекендепті Ман-Ата,
Кім біледі бар жұрт содан тараса?
Ұлылықтың бір белгісі, ғажап-ай,
Бола алу аласадан аласа.

Ақтау. 25.09.04.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түнгі думан

  • 0
  • 0

Түнгі думан, шаттанған Жер,
Дала мас, Бізде сондай, сарыны бір, салалас.
Жер думанын келген бе қызықтауға,
Суда жатыр, Ай сұлу, тыр жалаңаш.

Толық

Бір ән қалса

  • 0
  • 0

Жас шақта сескенбейсің дар ағаштан
Асаусың бұғалығын ала қашқан.
Көкірек әлі сазды, күйге толы,
Бір сарын орнап қалған бала жастан.

Толық

Қақпақтай тасты қақ жарып

  • 0
  • 0

Сәндене басып, паңданып,
Жүр едім босқа сандалып.
Тізерлеп міне отырмын
Ғажапқа мынау таң қалып?..

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер