Өлең, жыр, ақындар

Графиня Растопчинаға

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 427
Сенем мен: бір жұлдыз астында
Сізбенен бір туған екенбіз.
Бір жолмен жүрдік те басында,
Бір түске алдандық бекер біз.
Амал не? Асыл жол, мақсаттан
Айырды құмарлық дауылы.
Өнімсіз күрестен бас тартпай
Ұмыттым қайран жас дәуірді.
Кетерміз айрылып мәңгілік,
Қорқамын жүрекке сенуге,
Құр босқа көңілді дал қылып,
Болмастың соңынан еруге.
Ағатын осылай қос толқын
Тату боп, кездейсоқ қосылып,
Теңіздің төсінде көк жойқын
Оңтүстік желімен жосылып.
Алайда оларды бір тұста
Қақ бөлер жартастың қолдауы.
Жағаны сағалап әр басқа
Ажырар ақ достар сондағы.
Махаббат, өкініш аз болып,
Жай ғана жарқылдап білісер.
Өзінің шуына мәз болып,
Өзге бір жағаны сүйісер.
Қош бол, Ресей, кірлеген.
Байдың елі, құлменен.
Қош бол көкшіл шендер де,
Шенқұмар жұрт, сендер де!
Кавказ асып жырақ мен,
Қашам қаңқу сөздерден.
Бәрін естір құлақ пен
Бәрін көрер көздерден.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сағат тоғыз, күңгірт тартқан кез еді

  • 0
  • 0

Сағат тоғыз, күңгірт тартқан кез еді,
Қамал жақтан бес үй елес береді.
Төмпешікте мүлгиді ұзын күнәкар,
Әлде неден дәмеленген ниеті бар.

Толық

Арманымдай күнгейлік сәби

  • 0
  • 0

Арманымдай күнгейлік сәби,
Есімде менің сол әсем қыз;
Адамға білген сұлуды тани,
Белі бұраң, төсі уыз.

Толық

Шумақтар

  • 0
  • 0

Зерігіп елде жүдедім,
Кетейін қанды қырғынға,
Өзің деп соққан жүрегім
Жоғалар ма екен құрдымға.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар