Өлең, жыр, ақындар

Козлов даласынан көрінетін таулар сипаты

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 419
(Мицкевичтен)

Пилигрим
Мына мұзды мұнараны,
Салды ма екен бір Алла?
Тақ болар ма бұлттан соққан
періштеге сыйлауға?
Дию ма әлде жарты әлемді
Үйген әкеп бұл тұсқа,
Жұлдыздарды жібермеуге
күн шығыстан батысқа?
Неткен алау бұл көрінген,
неткен нұр,
Жатыр ма екен жанып әлде
Стамбул??
Дүниеге қисапсыз мол жарықты
Төккен алла қолы ма екен әлде бұл?
Мырза
Болғам онда. Қыс отырған
асқар шыңның басында,
Шыққан демі қар қатырған
сақалыма, шашыма.
Өткір бұлаң тұмсықтары
мұзды тескен найзағай.
Бара алмаған қыран онда
кеттім бірақ мен демде.
Түк жоқ оның төбесінде,
бұлттар көшкен жағалай,
Жатты астымда әлем менің,
Жұлдыз тұрды төбемде.
Ол - Шатыртау!
Пилигрим
E-ell



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қонақ

  • 0
  • 0

Бұлтқа орап омырауын,
Ай тосырқап қалқиды.
Үні жырақ қоңыраудың
Бір тынып, бір шалқиды.

Толық

Журналист, оқырман және жазушы

  • 0
  • 0

Сырқат екенсіз. Мақұл бұл,
Өмір қамы, жұрт сөзі –
Деп жүргенде, ақынның
Бітелмей ме жыр көзі?

Толық

Райхан гүлдей балбұл жанған

  • 0
  • 0

Райхан гүлдей балбұл жанған,
Сәуледей әсем таңертеңгі;
Суретіңдей Рафаэль салған,
Үнсіз үні сыр шертеді.

Толық

Қарап көріңіз