Өлең, жыр, ақындар

Палестина бұтағы

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 407
Жә, Палестина бұтағы,
Қай жерде гүлдеп кең өстің?
Қай жазық пенен ондағы
Көркі едің қандай дөңестің?
Суы мен мөлдір Иорданның
Шығыстың нұры өпті ме?
Түнінде таулы Ливанның
Тентек жел тербеп өтті ме?
Солимнің кедей әулеті
Жапырағыңды өріп бағалы,
Ескіше бәлкім әндетті,
Күбірлегі әлде - дұғаны?
Сол құрма әлі сол жерде
Жапырағын жайып басына,
Жолаушы жанды шөлдер деп,
Шақыра ма екен қасына?
Не ол да сендей алыста
Үзіліп үміт дәмесі,
Жат жерде сөлін жаныштап
Жатқан да шығар денесі...
Құдайдың, айтшы, қай құлы
Әкелген сені бұл жаққа?
Көз жасын оның қайғылы.
Қалдың ба сақтап ұзаққа?
Әлде ол хақтың әскері
Жүзіне қайғы жұқпаған?
Күнәсіз сендей жас па еді,
Жақ еткен ием жұртты оған?
Парызға іштей ізет қып,
Жез құдай алдын мұндағы
Етене тұрсың күзетіп,
Ерусалим бұтағы.
Крес пен кивот көгілдір
Киелі күңгірт нұр шалған.
Жан-жағың, үстің көңілді
Жиһазбен жым-жырт қоршалған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Су(шкова)ға

  • 0
  • 0

Жүрсем де бірге сезбедім,
Жаныңның отын, тілегін.
Қадалса дағы көздерің,
Толқыған емес жүрегім.

Толық

Шайқас

  • 0
  • 0

Ойқастап аспан өр төсін
Төбемде бір күн самғады –
Тәңірінің екі еркесі
Шартпа-шұрт келіп қалғаны.

Толық

Білмей-ақ қойсын бұл әулет

  • 0
  • 0

Білмей-ақ қойсын бұл әулет
Құпия менің сырымды;
Ұжданым, тәңірім білер тек
Сорлаған, сүйген күнімді!..

Толық

Қарап көріңіз