Өлең, жыр, ақындар

Баллада

  • 19.05.2022
  • 0
  • 0
  • 359
Славян келіншек, түнек-түн
үйінде отырды қамығып.
Алыста жолақ боп бір ерттің
Аспанға шапшиды жарығы...
Тербетіп бесікте баланы
Келіншек қайғылы ән салады.
"Жылама! Жылама! Жүрегің
бір сұмдық сезе ме - қорқамын.
Қасыңда мен бармын, болды енді,
Шыбыным, қайғыру ерте әлі
Мен жесір қалармын, сірә да
Сен жетім болмайсың - жылама!
Құдай мен ар үшін кетті әкең –
Семсері жарқылдап жанады,
Қанды жол жауынгер қатарда
Татарға қарсы ұрыс салады.
Өрт, әне, аспанды тебеді,
Ол - өлім ұрығын себеді.
Әйтеуір сен әзір ұқпайсың
Қауіпті басыңа шырмаған;
балалар жыламас молада
Қорықпас ұят пен бұғаудан –
Күндеуге лайық бұл-дағы..."
Кенеттен - жауынгер кірді әне.
Сауыт қан, қалқаны майысқан,
"бітті! - деп жауынгер ah ұрды, -
бітті енді! Жеңілдік сайыста,
біздің ел құлдыққа бас ұрды.
Татарлар жеңді, біз құладық –
Масайра, тобыр жау, қуанып!" -
Деді де жығылды ол, кетті өліп,
Ерлердің ғұмыры қысқа-ды
Келіншек көтеріп сәбиін
Әкенің өлігін нұсқады:
"Көріп ал, міне өлім дегенің,
Ұғын тек кек алу керегін!"
* * *
Тіркес-тіркес көкшіл таудан,
Шығады-ау бір қызарып ай;
Жазғы кештер жаңбыр жауған,
Жарығы жоқ найзағайдай.
Күрең арай құбылада,
Бөлер бұлтты шұғылаға,
Өшкен шақта шұғыла сол,
Қалқиды ай жарығы мол.
Ақын ойы ханымындай,
Кербезденіп жүзеді ай,
Жерге нұрдан шашу шашқан,
Мақтанады мөлдір аспан.
Бірте-бірте бұлт ыдырар,
Өрлеп көкке ай қыдырар,
Ашылғанда ақша маңдай,
Толықсыған өңі қандай!
Осындай түн тау мен түзде,
Таныс шығар бәлкім сізге?
Түзге бір түн шығып андыз,
Жүйрік атпен шаптым жалғыз.
Көк далада естім желдей,
Хауіп-қатер ойға келмей.
Құшып сәуле жалын аттың,
Елтіп нұрға келе жаттым.
Жазатайым сүрінсе егер
Тастайды оны көтеріп жер.
Талдырмасқа аттың белін,
Қимылдамай құштым ерін.
Түзде шабыс ызғындатып,
Ат үстінде қалдым қатып.
Болған кезде бой бір жазар,
Жан-жағымен салдым назар.
Жатты мүлгіп түнгі дала,
Көктен, деді, ай айбарлана:
Кең даланың иесі мен,
Бола алмайсың сірә да тең!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көрші қыз

  • 0
  • 0

Теңдікке сірә қол жетпес,
Түрмеде мәңгі қалдым ба?
Әйнектен ұшып ән де өтпес,
Сақшы тұр есік алдында.

Толық

К...

  • 0
  • 0

Қауыштық қайта екеуміз,
Кетіппіз мүлде өзгеріп!
Қайырсыз жылдар - өшкен із.
Қадірін білмей көз көріп.

Толық

Күн

  • 0
  • 0

Қысқы әсем күн бейне ғашық,
Жапсарынан бұлттың сұп-сұр,
Ақша қарға сәуле шашып,
Зеңгір көктен шертеді сыр.

Толық

Қарап көріңіз