Өлең, жыр, ақындар

Король жары

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 540
Алтын зерлі ер-тоқымды ат сыйлап,
Ат емес-ау күтпеген сәт бақ сыйлап,
Біз келгенде Испания королі,
Баласының жолын ашты тақ сыйлап!
Жер жаһандық жаңалық бұл жата ма?
Тағдыр өзі табанда ғой қатал да,
Ақылдаспай тақ сыйлаған бұл король,
Ал, королдің жары болса сапарда.
Саяхаттап алыс-алыс жерлерге,
Король жары сапар шеккен елдерге,
Ал корольдің жары енді сапардан,
Сауал қойды, қайта оралып келгенде:
– Қабылдаңыз, болған іске наныңыз
Көңіл-күйің, қалай енді халіңіз,
Сіз сапарда «королева» едіңіз,
Сіз келгенде «тақтан түсті жарыңыз!»
Ақыл сөздің болса керек шебері,
Жауабында сөздің болды кемелі.
«Мен корольдің жары болсам бір кезде,
Мен корольдің Анасымын!» дегені!

Мадрид
10 маусым 2014 жыл



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бала жайлы баллада

  • 0
  • 0

Дүние төңкеріліп табан асты,
Аспан — Жер астан-кестен араласты.
Қапыда құдай құрып, қара басты,
Үйінен безіп шығып жас келіншек,

Толық

Бүгін бірінші ақпан

  • 0
  • 0

Бүгін бірінші ақпан,
Өлең қанатын қаққан.
Арман – болашақ шақтан,
Жүрек жылуын тапқан.

Толық

Аппақ әлем шіркін деп

  • 0
  • 0

Аппақ әлем шіркін деп
Көктен төмен бүлкілдеп,
Қар жауып тұр ақша қар,
Әрбір талы үлпілдеп.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер