Өлең, жыр, ақындар

Наурыз

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 558
Аққулы аспан көктерден,
Құстар ұшып жеткеннен.
Келдің тағы, Наурызым,
Туған елге көктеммен.
Бесігім боп тербесең,
Құшақ жайып жер-көсем.
Келдің тағы, Наурызым,
Аман-есен Елге сен!
Дәстүр-салтты ел екем,
Тассын дәулет берекем.
Төрлет елдің Наурызы,
Той-думаным, мерекем!
Маңдайға біткен екі елі,
Дала қазақ – мекені.
Астанамнан Наурызым,
Алатауға жетеді.
Айналғандай анама,
Сіңген салтым – санама.
Алматымнан Наурызым,
Сапар шегер далама.
Қарбаласта тыныш күн,
Бөлеп алды нұр үстін.
Далам, тауым қарсы алды,
Ұлы күнін ұлыстың!
Далам менің тыңдашы,
Таудай қазақ тұлғасы.
Құтты болсын, Наурызым,
Құтты болсын Жыл басы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Өзіммен-өзім болайын

  • 0
  • 0

Өзіммен-өзім болайын,
Өкпелеме, ағайын.
Жырымнан дәмді таттыңдар,
Шырқаған тойда талайың.

Толық

Зауал, Тұлпар, Уақыт

  • 0
  • 0

Қанатымын жыр атты акиықтың,
Жаңа бетін ашатын тарихтың,
Танысалық, кел бермен келер ұрпақ,
Ақыныңмын!

Толық

Түн тәтті шапағаттай

  • 0
  • 0

Түн тәтті шапағаттай,
Көршілес купедегі,
Қос екі махаббаттай,
Теңізге құя ала ма,

Толық

Қарап көріңіз