Өлең, жыр, ақындар

Айналды ел - халқының ағасына..

  • 13.04.2022
  • 0
  • 0
  • 390
Қазақтың Қайсеновы Қасым деген,
Бір кешкен апайымыз Асылменен,
Өзі сүйген халқының қаһарманы,
Сөйлесті екі бірдей Ғасырменен!
Мінезі жаратылар бастан адам,
Үлкен боп шарапатын шашқан адам.
«Ажалдың аузынан» да аман қалып,
Сексеннің сеңгірінен асқан адам.
Кім жеткен бұл адамның бағасына,
Оралып ғұмыр-дария жағасына.
Ақсу-бұлақ аулының баласы еді,
Айналды ел-халқының ағасына!
Жырыммен өмір жібін жалғай алам,
Қасым боп өтті өмірден талмай ағам.
Партизан боп жаралған барлаушы еді,
Әр адамның бағасын барлай алған.
Кезінде дәурен сүріп құрған бірге,
Қуат беріп сөйлейтін думанды елге,
Өзінің облысының Әкімі айтты:
«Ең соңғы келуім бұл Туған жерге», –
– Деген-ді қимай елін Қасым ағам,
Өлшеулі күнін сезді асыл Адам,
Туған жердің алдында жасы тамды,
Талай жаудың алдында жасымаған»,
...Осылай өтті өмірден Қасым ағам!..
Кім келіп,
Кім кетпеген бұл өмірге,
Жер-Анаң – мәңгіліктің тірегінде,
Бауыржанның жанында жатқан ағам,
Сен барсың әр қазақтың жүрегінде!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Құстардың үнінде

  • 0
  • 0

Құстардың үнінде,
Ғашықтар тілінде,
Жер жаһан гүлінде –
Лирика.

Толық

Ғашықтық – ол да өнер

  • 0
  • 0

Ғашықтық – ол да өнер,
Жүректі толғап енер,
Поездың үстіндегі
Жолаушы жолда келер.

Толық

Шөл даланың ұлымын

  • 0
  • 0

Шөл даланың ұлымын,
Шөл далада көп жүрдім.
Шөл даланың ұлымын,
Шөл даланы төр білдім.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер