Өлең, жыр, ақындар

Жалғыз қайық

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 575
Жалғыз қайық көк теңізде ығып жүр,
Кеудесінде, жүрегінде тұнып жыр,
Білсе білер бұл әлемде бір тәңір,
Адам білмес дүниеде мұңын бір.
Жалғыз қайық көк теңізде жүр жүзіп,
Бағыты бар жел айдаған бір қызық.
Күйдіреді, күйдіреді жүрегін,
Аптабы ыссы Тас төбеден күн қызып.
Жалғыз қайық дауыл жұлған ескегін,
Көк аспанда көрді бұлттың көшкенін.
Айналада көк айдыны – көк теңіз,
Түйістіріп аққу жүзген төстерін.
Жалғыз қайық толқын тағдыр
тербейді,
Ұшан теңіз ешкім оны
көрмейді.
Қанша дауыл болса дағы
батпайды,
Толқын соқса толқып биік
өрлейді.
Бұл ғаламда жалғыз дейді тәңір де,
Жалғыздықтар аз емес-ау өмірде.
Жалғыз қайық қақ теңізде ағып жүр,
Шағалалар шарқ ұрады көгінде.
Жалғыз қайық жалғыз емес өмірде
Соған ұқсас Тағдырың бар сенің де!..
Соған ұқсас Тағдырым бар менің де.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Білесің бе сен

  • 0
  • 0

Білесің бе сен,
Мен жаңа ес білгенде,
Сен-періште едің,
Балауса едің.

Толық

Бәрі де сүйгенім саған

  • 0
  • 0

Мен әдемі киінсем де,
Өзің деп сүйінсем де
Бәрі де сүйгенім сен үшін.
Мен бұлттанып мұңайсам да

Толық

Ар мен намыс

  • 0
  • 0

Бәрібір жақын-алысы,
Болмасын, Достым, қай елде.
Ерінде —
Халық намысы,

Толық

Қарап көріңіз