Өлең, жыр, ақындар

Таң атып келе жатыр бозамықтап

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 566
Таң атып келе жатыр бозамықтап,
Жан-жақты көріп жатар көз анықтап.
Топ-толық қара дене сейілгендей,
Барады қалың түннің өзі арықтап.
Айдыны шуақ шашқан құтты көлдей,
Айнала қарап тұрсаң түп-түгелдей.
Көздері шұғылаға шағылысып...
Барады жұлдыздар да түкті көрмей.
Ұмытып кеткендей ме, жаратып хақ,
Жасырып жұлдызыңды тағы тықпақ.
Басқаның құшағында жатқан жанып,
Сасқандай түннің өзі таң атып қап.
Өмірге таң асығып мұңдасқандай,
Бір-бірін түсінетін сырлас жандай.
Жанарын ай да ұялып жасырады,
Кетейін дейді ме екен,
Күн басталмай.
Еншісін алу үшін жанталас та,
Күн мен түн екеуі де қарбаласта.
Ояту дүниені ұйқыдағы
Ал бұдан керек емес таң да басқа.
Қозғалыс қажет пе екен ғаламға тек,
Бал ұйқы керек емес адамға көп.
Балбырар ұйқыдағы дүниені,
Жиналған түн шошытып алам ба деп.
Табиғат анамыздың балапаны,
Тербеген тіршілікті дала таңы.
Оятып жатыр ұлы дүниені,
Ақ таңның жылы сәуле алақаны.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тебіреніп, толғана

  • 0
  • 0

Тебіреніп, толғана
Түсін бәрін сен, бала.
Сағынышпен күн кешкен,
Ата-бабаң – шөл дала.

Толық

Теңізден соққан жел

  • 0
  • 0

Не нәрсе жұмбақ емес дүниеде? Тоқтап қап,
Жеткізетін түбі өлімге,
Жұмбақ маған,
Өзімнің жүрегім де!

Толық

Сеул саздары

  • 0
  • 0

Сеул саздары,
Кеудемде маздады.
Бұл да бір тәуір қолдап,
Тағдырдың жазғаны,

Толық

Қарап көріңіз