Өлең, жыр, ақындар

Көзіңнен айналайын мөлдіреген

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1075
Көзіңнен айналайын мөлдіреген,
Сөзіңнен айналайын елжіреген.
Даламның сұлу жібек самалындай,
Сезімнен айналайын желбіреген.
Шашыңнан айналайын – жиылған нұр,
Қасыңнан айналайын – қиылған гүл.
Көргеннен көз алмастай тұрып қалып,
Өзіңе мен бір жанмын сиынған бұл.
Төсіңнен айналайын гүл төбедей,
Құпия жұмбақ сырды бүркемелей.
Көрдім де бір өзіңді тұрып қалдым,
Адасқан жолдарынан бір кемедей.
Аралар қонып-ұшар гүл өзі бал,
Таңдайыңа татитын бір өзі бал,
Мен бір кез ғашық болған, есімде жоқ
Сенде осы сұлу әйел мінезі бар...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қанша заман осылай жер басып ең

  • 0
  • 0

Қанша заман осылай жер басып ең,
Туған елім қашанда төрге асық ең,
Осылай хандық дәуір аяқталып,
Өткен ғасыр кезікті Елбасымен!

Толық

Ақын шықты ат арытып торғайдан

  • 0
  • 0

Ақын шықты ат арытып Торғайдан,
Жолығады Бақытына жол қайдан?!
Жүрегінде найзағайша от шашып,
Сол арпалыс, Сол бір айқас, Сол Майдан!

Толық

Қыс пен көктем

  • 0
  • 0

Жұтқан қарды талшықтап,
Оянғандай қанша ұйықтап.
Ойдым-ойдым қар жатыр,
Қаратауды айшықтап.

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер