Өлең, жыр, ақындар

Шөл далада бәрі бар

  • 11.04.2022
  • 0
  • 0
  • 356
Шөл далада бәрі бар,
Әр күн атар таңы бар.
Мекен еткен адам мен
Аңдар менен жануар.
Өркеш-өркеш құмы бар,
Қайғысы мен мұңы бар.
Жел арқылы сөйлейтін,
Ащы-тәтті – тілі бал.
Келеді үндер ғарыштан,
Жақын кейде алыстан.
Шөл даланың жұмбағын
Білген адам данышпан.
Көкке қолын созған бар,
Қалыс қалып, озған бар.
Шөл далада жортады,
Киіктер мен көкжалдар.
Дала ғұмыр кешеді,
Бұлттар үркіп көшеді.
Шөл далада қасқиып,
Бір тал ағаш өседі.
Шөл дала ғой деседі,
Жел-дауылы еседі.
Шөл далада өскендер,
Қай жерде де өседі!..
Бақыт іздеп кезеді,
Бақыт барын сезеді.
Шөл далада өскендер,
Қай жерге де төзеді!..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жауынгердің соғыстан соң көрген бірінші түсі

  • 0
  • 0

Қош айтысып, анашым, асылыммен,
Қош айтысып, аяулы — ғашығыммен,
Қоштасып туған жермен шалғай қалған,
Кәусардай бұлағына қанбай қалған,

Толық

Оқжетпес

  • 0
  • 0

«Оқжетпес!»,
«Оқжетпес!»
«Оқжетпеске» сөз жетпес!
Шыңдарына бұлт қонып,

Толық

Ауылдан қалаға келген азаматқа сыр

  • 0
  • 0

Ұялап қалса шаһар санаңызда,
Жүрек құрғыр елеңдер далаңызға.
Ауылда—
Алдан шығар аласа үйлер,

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер