Өлең, жыр, ақындар

Шөлдеуменен өтемін

  • 10.04.2022
  • 0
  • 0
  • 529
Шөл даланың ұлымын,
Шөл далада көп жүрдім.
Шөл даланың ұлымын,
Шөл даланы төр білдім.
Осы менің мекенім,
Түнде жұлдыз жиі ақты.
Шөлдеуменен өтемін
Осы далам сияқты.
Түсіне алмай келем бе,
Құпияңды кең далам?
Тамырлары тереңде,
Сексеуілің мен болам.
Тегін саған екпеген
Келген екен кім бұрын?!
Қиындықтаған көктеген,
Мен де сенің жыңғылың.
Талай арман жетпеген
Жетелейді бір сағым.
Қара жерде көктеген,
Мен де сенің жусаның.
Шөл даланың баласы,
Балбұлаққа жақын боп.
Кетті, міне, қарашы
Шөлдеп жүріп ақын боп.
Жан болғасын жата ма,
Жатқызбас бір бел екен.
Ақындық та сахара,
Бітпейтін бір шөл екен...
Бақыт құсы қонған ба,
Сапар кештім Елменен.
Келем ылғи жолдарда,
Шөліркеген шөлменен!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алпыстан соң – әр күніміз бағалы

  • 0
  • 0

Алпыстан соң – әр күніміз бағалы,
Жүректерде бір-бір жұлдыз жанады,
Шығып алып алты асқардың шыңына,
Жанарымыз таудан төмен қарады.

Толық

Менің жаным

  • 0
  • 0

Менің жаным — қарапайым өмірдей,
Менің жаным — жұмбақ әлем-көгімдей:
Жұлдыздары жатар кейде жарқырап,
Жұлдыздары жатар кейде көрінбей.

Толық

Адам жұмбақ ғұмырды кешетіндей

  • 0
  • 0

Адам жұмбақ ғұмырды кешетіндей,
Аумалы ақша бұлттар көшетіндей,
Әуезов мұражайын көргеніңде,
Ұлылық самал желі есетіндей.

Толық

Қарап көріңіз