Өлең, жыр, ақындар

Саяжайдағы түн

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 551
Жайнатып жұлдыздарын сылқым аспан,
Ғажайып қара түнім кірпік ашқан.
Тас төбемнен қарайды нұрлы көздер,
Бір үйдің баласындай шұрқырасқан!
Жұлдыздар жұлдыз емес, сан үміт бұл,
Қарайды жұмыр жерге сағынып кіл.
Зергер түннің қолынан қара мақпал
Алма бақ масатыға малынып тұр!
Кербез ай қасын керіп кең маңдайлы,
Паңдана қарап қойып көзді арбайды.
Сәл ғана самал демнің дірілінен,
Үзілген алма-арулар жерге аунайды.
Бір-бірін ала кетіп үзген де бар,
Үзілмеске табылар бізден не амал?
Ұрғылап үй төбесін әрбір алма,
Өмірге жеткізіп тұр күзден хабар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сахара суреті

  • 0
  • 0

Сахаралы сары бел сыр аңдатты,
Сексеуілге оранып жылан жатты.
Сескеніп суық көзден орғып құмда,
Құйрығын қызыл түлкі бұлаңдатты.

Толық

Ағыс

  • 0
  • 0

Өзеннің ағысындай өмір ағыс,
Адамның шолатындай көңілі алыс.
Ұяты, көз жанары сөнбесе егер,
Билейді ар-ожданмен, тегі намыс.

Толық

Өз орны бар

  • 0
  • 0

Күннің осы жылылығы жерден бе?
Түнгі аспанның жұлдыздары сөнген бе?
Мұхиттарда жүзе алмайды қайықтар,
Кемелерің қайырлайды көлдерде.

Толық

Қарап көріңіз