Өлең, жыр, ақындар

Ақтық демім қалғанша

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 868
Жыр жазу деген затында,
Жұлдыз боп жану түнекте.
Еркіндік қажет ақынға,
Бостандық керек жүрекке.
Ақын боп тусаң атадан,
Өмірдің мәнін ұқ мұңнан.
Өзіңді-өзің матаған
Әуелі құтыл тұтқыннан.
Халінен елдің жай біліп,
Ақындар жайған әлемге.
Ақынға келген айбынып
Төренің өзі сәлемге.
Заман, заман болғалы
Қара жер, басы катерде.
Жайылмас мәңгі ол-дағы,
Ақыны болмай аты елге.
Өйткені ақын қаруы
Халқының ана тілінде.
...Сол тілде жүрек зәруі,
Сол тілде тәңір, пірім де!
Басқысы келер арыңды
Кей пенделер маған қас.
Туа біткен дарынды
Адам тартып ала алмас.
Аялап ана тілімді,
Қағармын қанат талғанша.
Аялап өтем пірімді
Ақтық демім қалғанша!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мақпал

  • 0
  • 0

Өтіп еді Мақпал көлде қайран күндер
көп қызық,
Балалықтың тәтті дәмін арман жолы
кетті үзіп.

Толық

Бала жайлы баллада

  • 0
  • 0

Дүние төңкеріліп табан асты,
Аспан — Жер астан-кестен араласты.
Қапыда құдай құрып, қара басты,
Үйінен безіп шығып жас келіншек,

Толық

Жастар үнін естіп оянайын

  • 0
  • 0

Жастар үнін естіп оянайын
Шырқатып бұлбұл дауыс қояды әнін.
Суретші таңнан тұрып төсегінен,
Сұлу ғып дүниені бояғанын,

Толық

Қарап көріңіз

Пікірлер