Өлең, жыр, ақындар

Адам

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 432
Беріліп қоңыр күйдей сазды мұңға,
Ойласам, құрық салып назды жырға.
Қаншама жақсы адаммен жолыққанмын
Осынау өтіп жатқан жаз ғұмырда!
Арманның шарласам деп шар тарабын,
Табысқан тағдыр жүгін арқаладым.
Жолығып жол нұсқаған бір-бір Адам
Ауылдан аттап басқан әр қадамың!
Жадыңнан ұмтыла ма жыл өткесін,
Қанатты құстай самғап күн өткесін.
Қимай-қимай қоштасып қанша менің,
Жолдарда қала берді тілектесім.
Табиғат, болмаса да күй-бап деген,
Мейірімді талай жанға сыйлапты ерен.
Қаншама жақсы Адамның шарапатын,
Құп-құйтай жүрегіме жинап келем!
Өмірге келу-кету кезек екен,
Мен де бір күн өмірден сезем, өтем.
Жүрекке жинап-жинап шуақтарды
Өлеңнің өркеніне өзегі етем.
Жүректі жылытамын бөлек үнге,
Жанымның жылылығы — өлеңімде.
Жақсылығың үшін де, жайсаң жандар,
Борыштымын мәңгілік мен Өмірге!
Беріліп қоңыр күйдей сазды мұңға,
Ойласам құрық салып назды жырға.
Қаншама жақсы Адаммен жолыққанмын,
Осынау өтіп жатқан жаз Ғұмырда!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір ел бар...

  • 0
  • 0

Бір ел бар сондай ертегі,
Жер жаһанда жүр үні.
Белгісіз жұмбақ ертеңі,
Бақытты бірақ бүгіні.

Толық

Ата мекен - аралым

  • 0
  • 0

Анамбысың, әлде сен бабамбысың?
Аспаныңнан көз салған саған құсың.
Жер-ананың көгілдір жанарындай.
Ата мекен, Аралым, аманбысың?

Толық

Әке бейіт басында

  • 0
  • 0

Көрердей, қолы тимей көк перісін
Қайрылып, қайта соқпай кеткені үшін,
Жолдарда жолай өтіп өткені үшін,
Бәлкім, әке, балаңа өкпелісін.

Толық

Қарап көріңіз