Өлең, жыр, ақындар

Бәйге

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 780
Көсіліп бір қолтық созар қайда күн?..
Жарыс — өмір! Жарысады қайда?
Кім?.. Ұлан асыр ұлы топқа қосылып,
Бағын сынап ұшты құстай бәйге атым!
Намыстан ба келем іштей қайғырып,
Жүргені жоқ есек пенен тай мініп.
Жетем десең жеткізбейтін жүйріктер,
Айналамыз арғымақ пен сәйгүлік.
Дүбірлетіп тұяғына күй бітіп,
Бәрі, бәрі келеді іштей сый күтіп.
Қарақшыға жақындарда жан салмай,
Атым менің өте шықты құйғытып.
Алдан атып арман таңым — арайым,
Тұлпарлардың шаңға көміп талайын.
Бағым жанып, топты жарып түсімде
Атым озды, бәйгемді бер, ағайын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Момын жайлы балама сыр

  • 0
  • 0

Білуге құмартады-ау жаралса адам,
Түйе жайлы айтайын балам саған.
Барғыштайтын әкеңдей ауыл жаққа,
Төрт түліктің бірі бұл дала аңсаған.

Толық

Сұрқия залымдықтар – сұрқайланып

  • 0
  • 0

Сұрқия залымдықтар – сұрқайланып,
Қанатын енді бірі – шырқай қағып.
Зұлымдық пен мейірім жеңісе алмай,
Жұмыр жер бара жатыр шырқ айналып.

Толық

Лермонтов жүрген жерлермен

  • 0
  • 0

Айнала желі ұйытқып,
Шаншыла көкке тиіп тік.
Толғанға қарап тұр Машук —
Лермонтов шыққан биіктік.

Толық

Қарап көріңіз