Өлең, жыр, ақындар

Еңсеңді көтер! Ертеңге қара! Ертеңге!

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 488
Еңсеңді көтер! Ертеңге қара! Ертеңге!
Ертеңсіз бүгін, Мереке күйін шертер ме!
Болашағымыз — Сұлу да, Әсем, Көркем де,
Тәтті өмір жатыр қауындай құлап өркенге!
Кілеммен ұшқан бабадай бүгін қиялдап,
Жүзелік аппақ желкенде,
Жүзелік арман желкенде.
Жұлдыздар ағып жатқанда,
Жұлдыздар жанып жатқанда,
Жанардан мұңды жас емес,
Жұлдыздар тамып жатқанда.
Еңсеңді имес шақтарда,
Қарайық анау құпия,
Түн деген ғажап мақпалға.
Күйге де — Тиек, жырға да,
Бақытты жұтпас бір ғана,
Уақыты жұтқан бір ғана.
Шапағатты сырлы Ана!
Қарайық күмбез сәулелі,
Күніміз шашқан нұрға да!
Түспесін еңсең! Тұр, Адам!
Сүрінген, талай құлаған,
Қуанған, күлген, жылаған.
Тамшыдан теңіз құраған,
Гүлденген — қайта өмірім сынды,
Космодром — Байқоңырым сынды,
Еңсеңді көтер, Ұлы Адам!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жұлдыздарым жанып тұр түнгі аспаннан

  • 0
  • 0

Жұлдыздарым жанып тұр түнгі аспаннан
Ақынның не амалы бар сырды ашқаннан.
Жұлдыз-ай жарық ойлы өлең жазам
Тұмшалап жан-жағыңды мұң басқаннан.

Толық

Баласы екен Шектінің

  • 0
  • 0

Баласы екен Шектінің,
Баласы екен Тектінің,
Текті болсаң текті бол,
Болса-дағы көп мұңың,

Толық

Испан тілі

  • 0
  • 0

Испан тілі – Испан екен расында,
Қайталанбас бір туатын ғасырда.
Испан ұлты туған тілін аялап,
Туған халқы айналдырған асылға!

Толық

Қарап көріңіз