Өлең, жыр, ақындар

Жастық шақ саған не дейін

  • 07.04.2022
  • 0
  • 0
  • 512
Жастық шақ саған не дейін,
Жолдас боп жүрсің жанымда,
Шоқ болып қызу қанымдай,
От болып өртті жалындай,
Алаулар аппақ арымдай.
Жолдас боп жүрсің жанымда,
Жастық шақ саған не дейін?
Адаспай тауып ағыннан,
Армандап, бірге сағынған,
Гүл іздеп бірге бағымнан,
Бақытын іздеп сабылған
Досым да сенсің табынған.
Жастық шақ, саған не дейін?
Мұңаям қалай тойымда —
Бозбала бала шағым да,
Сыналар сенің тойыңда —
Топ жарар дара шағым да,
Бір сенің ғана ойыңда —
Өмірден алашағым да.
Бір сенің ғана бойыңда —
Баянды болашағым да.
Жастық шақ, саған не дейін?
Өзіңе ғана кез келді,
Ғасырым саған сөз берді,
Қолға алып дәуір ұлы ісін,
Ел үшін, орман нуы үшін,
Жер үшін, теңіз суы үшін,
Алты алаштың туы үшін,
Қолға алар дәуір ұлы ісін.
Өзіңе ғана кез келді,
Ғасырым саған сөз берді.
Жастық шақ, саған не дейін?
Нөсерлеп жаңбыр төккенде,
Омыраудан оттар өпкенде,
Қоштасар шағы жеткенде,
Оралмас қайта көктемде
Құйғытып шығып көк белге,
Жалт беріп тұлпар өткенде,
Базарым тарқар демейін.
Жастық шақ, саған не дейін?..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Иіліп көтермедің қырын қарап

  • 0
  • 0

Иіліп көтермедің қырын қарап,
Болғасын бірің бала, бірің дана.
Тірліктің жолындағы сол бір тасқа,
Екі қабат күйімен сүрінді АНА!

Толық

Табандылық

  • 0
  • 0

Қарады кеудемізден заман мініп,
Кеуледі жәдігөйлік — жаман ғұрып.
Алмастай кесіп түсер ақиқатты
Айтуға жетпей іште табандылық!

Толық

Халқым болып оянып күн кешемін

  • 0
  • 0

Халқым болып оянып күн кешемін,
Тәңіріммен тәңірдей тілдесемін.
Осы бір құдіретті сезімдерді
Ақын болып тумасаң білмес едің.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер